Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


ҚҰБА МЕШІТІ ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ ХҰТБАЛАР



Pdf көрінісі
бет166/374
Дата02.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#134046
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   374
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

ҚҰБА МЕШІТІ ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ ХҰТБАЛАР
Мәдиналық тілеулестері Мұхаммедтің (с.а.у.) Меккеден шыққанын 
естігелі бері таң намазынан соң топ болып Харра биігіне шығып, күн тас 
төбеге келіп, ысығанға дейін жол тосуды әдетке айналдырған. 
Сондай күндердің бірінде түске дейін отырып, аптап басқан кезде үйді 
-үйіне тараған. 
Сол сәтте үйінің шатырына шығып қалған бір яһуди алыстан аппақ 
киінген бірнеше адамның сағым арасында бұлдырап Мәдинаны бетке алып 
келе жатқанын көреді. Мұсылмандардың Хазіреті Мұхаммедті (с.а.у.) көп 
уақыттан бері сарғайып күтіп жүргендерінен хабардар яһуди: 
"Ей, арабтар! Көптен күткен қонақтарың келе жатыр!" - деп айқай 
салып, сүйінші сұрады. 
Бұл сүйіншілі хабардан қала да, халық та әп-сәтте мерекедегідей
шаттанып, сәнденіп, безеніп шыға келді. 
Өрекпіген көңілдер келгені шын ба, өтірік пе дегендей аласұрып, 
қуаныш көз жастары төгілді. Өйткені күллі адамзатқа бақыт сыйлаушы ұлы 
тұлға күтілуде еді. Мұсылмандар қару-жарақтарын асынып, аяулы 
мейманның алдынан шықты. 
Қарсы алушылар Хазіреті Мұхаммед пен оның жолдастарын құрма 
ағашының түбінде көлеңкелеп отырған жерінде жолықтырды. Бірнеше 
күннен бері зарығып, тағатсыздана жолын тосқан халық екі дүниенің сәулесі 
– Хазіреті Мұхаммедке сәлем беріп, оның нұрлы жүзінен көздерін айыра 
алмай біраз тұрды. 
Сәл тынығып алған соң Хазіреті Мұхаммед пен оның жолдастары, 
қарсы алушылар - бәрі бірге Мәдинаның оңтүстігінде орналасқан Құба 
ауылына бет түзеді. 
Рәби'уләууал айы, күн дүйсенбі болатын. Күн тас төбеде, шыжғырып 
тұр... 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бастаған топ Мәдинаға бір сағаттық жердегі 
ауылға келіп кірді. Онда олар Амр ибн Ауф ұлдарымен ағайындас Гүлсім ибн 
Хидмның үйіне түсті. Шіліңгір ыстықтағы бірнеше күнгі сапардан шаршаған 
Хазіреті Мұхаммед демалып, әрі сол маңдағы мұсылмандармен жүздесу үшін 
Құбада сәл аялдауды мақұл көреді. 
Жатар орынға сол төңіректің құрметті ақсақалы Гүлсім ибн Хидмның 
үйіне барып, күндіз мұсылмандармен кездесіп, сұхбаттасу үшін Саад ибн 
Хәйсаманың үйіне келетін. Меккеден келген бойда-ақ муһажирлердің көбі 


192
осы үйде еді, сол себепті бұл шаңырақ «Дарул-Узап», яғни бойдақтардың үйі 
аталып кеткен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет