Құба мешітінің маңызы Құба мешіті Ислам тарихында ерекше маңызға ие. Пайғамбардың өзі
бас болып құрылысына қатысқан, мүбәрак қолдарымен кірпішін қалаған бұл
ғибадатхана Құранда "Тақуа мешіті" деп бейнеленген.
Тәуба сүресінің 108-аятында Аллаһ Тағала бұл мешіт жайында былай
деген:
«(Мұхаммед!) Ол мешітте әсте намаз оқыма. Әу бастан-ақ тақуалық негізінде салынған (Құба) мешіті намазға тұруыңа әбден лайық. Онда заттың және рухани кірлерден тазалануды жанындай сүйетін адамдар бар. Аллаһ та тазаланғандарды сүйеді». Бұл ғибадатханаға Аллаһ Расулы ғұмыры бойынша әр сенбі сайын
жаяу не көлікпен келіп зиярат етіп, ішінде намаз оқитын.
Мұсылмандарға да барынша тазарып келіп, Құба мешітінде намаз
оқыған адамға Умра - кіші қажылық сауабы жазылатынын ескерткен.
193
Ислам жолындағы кедергілер ақырындап жойылып, иман нұры
шартарапқа жайыла бастаған кезеңде тұрғызылуының өзі Құба ауылындағы
мешіттің маңызын арттыра түсетіндей...