Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет190/374
Дата02.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#134046
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   374
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

ШАЙҚАСУҒА РҰҚСАТ
Аллаһ Елшісі Мұхаммед (с.а.у.) Аллаһтың әмірімен әрекет ететін. 
Меккеде қанша қастандық, зұлымдыққа кез болса да дұшпанға қарсы шығуға 
рұқсат берілмеген. Міндеті - иманға шақыру, жүректерге жол табу, ақиқатты 
жариялау ғана болатын. Мүшріктерден қорғану үшін де шайқасуға Аллаһ 
тарапынан тиым салынған. Жалпы Ислам құқығының негізі де сол, адамдар 
арасындағы түсіністікті, ауызбірлікті сақтау және нығайту, соғысқа мүлде 
шектен шыққан жағдайда ғана рұқсат етіледі. Бір ата мен бір анадан тараған 
құлдарына Аллаһтың теңдей қойған құқығы да осы. 
Адамдардың ру-тайпаға бөлінуі де ұрпақтарының танылуы, рухани 
тазалық үшін қажет. Басқа шауып, төске өрлеген жауыз мүшріктердің адам 
төзгісіз қиянаттарына қарамастан пайғамбар бастаған мұсылмандар сабыр 
сақтап бақты. Елінен айрылып бөтен жерге ауа көшкен соң да мүшріктермен 
шайқасуға Аллаһ тарапынан рұқсат берілмеді. 
Ислам күн санап Мәдинаны нұрлы шұғыласына бөлеп, Құран шуағы 
әнсарларды рухани ләззатқа кенелтіп жатты. Дегенмен, муһажирлер мен 
Пайғамбарымыздың көңілдері тоғайды деуге ертерек еді. Мәдина 
мұсылмандары Аллаһ Расулын дегбірсіздене күтіп алып, жер-көкке 
сыйғызбай 
мадақтап 
қуаныштарын 
айғақтағанмен, 
мунафиқтардың 
(екіжүзділер) өшпенділігі сәт санап арта түсті. 
Яһудилер Расулаллаһпен (с.а.у.) келісім жасап, ортақ принциптерді 
мойындағандықтарын білдіргенмен іс жүзінде мүлде басқа көріністердің 
куәсі болды әлеумет. Ал мунафиқтар жайы тіпті қатерлі. Пайғамбарымыз
Мәдинаға келер тұста Хазраж руының басшысы Абдуллаһ ибн Үбәй таққа 
отырып, сол кездегі мүшріктер әдеті бойынша асыл тастан тәж кию рәсімін 
жасауға дайындалып жатқан. Пайғамбар бастаған муһажирлер Мәдинаға 
келген соң Абдулланың қауымы Ислам дінін қабылдайды да, рәсім ұмыт 
қалады. Қиялының тас талқаны шыққан соң Абдуллаһ амалсыздан көпке еріп 
мұсылман болғансып, іштей ызаға булығып жүреді. Мұсылмандарға тісін 
қайрап, кектенген ол жасырын түрде айналасына өзі сияқтыларды жинай 
бастайды. Меккедегі мүшріктер де қарап жатпайды. Мәдинадағы яһудилер 
және мунафиқтармен құпия кеңесіп, мұсылмандарды зиянға ұшыратудың 
жайын оңды-солды талқылаумен болады. Меккедегі зұлымдықтарынан 


214
ештеңе өндіре алмаған олар енді ақиқат нұрын Мәдинада өшіруді 
жоспарлайды. 
Мұсылмандар қанша төзіп баққанмен шыдамның шегіне жеткен-ді. 
Іштегілер іріткі салып, сырттағылар аяқтан шалып әбден мезі еткен соң 
мұсылмандар енді Аллаһқа жалбарынып жиһадқа рұқсат сұрайтын болды. 
Әнсардың аптал азаматтарының бірі Саад ибн Муаздың мына бір дұғасы -
осының айғағы: 
"Уа, Аллаһым! Сен үшін, сенің жолыңда құрайыштықтармен 
шайқасқаннан артық іс жоқ. Пайғамбардың елшілігін мойындамаған, 
атамекенінен айрылуға мәжбүр еткендер - олар. Уа, Раббым! Солармен 
шайқасқа рұқсат беруіңді тілеймін, үміт етемін." 
Мұсылмандардың тілегі қабыл болып, пайғамбарымызға түскен кезекті 
аятта қорғану мақсатымен соғысуға рұқсат берілгендігі айтылады. Хаж 
сүресінің 39-40 аяттарында: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет