Муғжиза мекен таңдамайды Қызыл қырғын айқас. Тас, құм, қылыш, садақ, тарс-тұрс, зу-зу, сарт-
сұрт. Екі жақ та өліспей беріспеуге бекінген сол мезетте Аллаһ Расулы
жерден бір уыс топырақ алып кәпірлер әскерлеріне қарай шашып кеп қалды
да:
"Жүздері қарайсын! Уа, Аллаһым! Жүректерін үрей билеп, аяқтары
дірілдесін!" - деп дұға етті.
Жаратқанның қолдауымен, әлгі бір уыс топырақ бүкіл мүшріктің көзіне
кіріп, олар көздерін уқалап әлекке түсті де қалды.
Құранда бұл оқиға туралы :
"Оларды сендер емес, Аллаһ өлтірді. Оны (құмды) шашқан да сен емес, Аллаһ" (Әнфал, 17) деп айтылады.
Иә, ардақты Пайғамбарымыздың - он сегіз мың ғаламның нұрының
қолына алған тас қиыршықтары зікір еткеніндей, құм түйіршіктері де
дұшпанға қарсы бомбаның қызметін атқарып, жауды қиындыққа ұшыратты.
Шайқас қызған сайын пайғамбарымыз сарбаздардың жігерін жанитын
ұрандармен әрлі-берлі жүгіріп, арасында Қағбаға қарап дұға жасап
жалбарынады... Жан-тәнімен берілгендігі соншалықты, иығына желбегей
жамылған шапанының сусып жерге түскенін де байқамайды. Мұны көрген
Хазіреті Әбу Бәкір мүбәрак жанның шапанын түскен жерінен іліп алып
иығына жауып жатып:
"Уа,
Расулаллаһ!
Раббың
сенің
мінәжатыңды
нәтижесіз
қалдырмайтындығына кәміл сенемін», - дейді.
Сүт пісірім уақыт өткенде Аллаһ Расулының қуанышты дауысы,
естіледі:
"Сүйінші, уа, Әбу Бәкір! Көрмейсің бе, Аллаһтан көмек келді. Анау
күм төбесінде қаруланып, сайланып тұрған Жебірейіл періште атының
тізгінін тартып, бұйрық күтіп тұр!".
Құран Кәрімде Али Имран сүресінің 123-124 аяттарына осы оқиға
арқау болған. Онда