Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет200/374
Дата02.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#134046
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   374
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Әбу Жәһилдің ажалы
Мұсылмандардың ата жауы Әбу Жәһилді өлтіруді әр мужаһид 
армандады. Тіпті Хазіреті Хамза Әбу Жәһилмен шатастырып Махзум руынан 
Халид ибн Уәлидтің бауыры Әбу Қайыс ибни Уәлидті, Хазіреті Әли де осы 
рудан Абдуллаһ ибни Мунзирды сұлатып салды. Әбу Жәһил жасы жетпіске 
таяған, қырсықтығымен аты шыққан, жүзінен арамдықтың лебі есетін, суық 
жанарлы Исламның қас дұшпаны еді. Бәдірде әскерін алға жетелеп "Анам 
мені осы айқас үшін дүниеге келтірген" деумен болады. 
Махзум руының жігіттері бас көтерерлерінің көбісінен айрылған соң 
Әбу Жәһилді қызғыштай қорып, айналасынан шықпай қояды. Ақтық айқас 
қыза түскен. Абдуррахман ибн Ауф оңды-солды қылышын сілтеп келе 
жатқан, әнсардан екі жас жігіт қолымен ишара беріп мұны тоқтатып: 
"Уа, көке! Сіз Әбу Жәһилді танисыз ба?" - деп сұрайды. 
"Оны не істемексің?" 
"Әбу Жәһилді көрсем, өлтірмекке, не өзім сол мақсатта шейіт болуға 
Аллаһқа ант бердім" 
Бұл екі жауынгер - Афра атты әйелдің жеті ұлының екеуі-Муаз бен 
Муаззиз болатын. Абдуррахман ибн Ауф сол кезде Махзум руы жігіттерінің 
қорғауындағы Әбу Жәһилді көзі шалып қалады да: 
"Әне, іздеген адамдарың - Әбу Жәһил", - дейді дауыстап. Әлгі екеуінен 
басқа да Әбу Жәһилге тісін қайрап жүргендер солай қарай тура ұмтылысады. 
Ең алдымен жеткен әнсар Муаз ибн Амр атты сахаба қылышын көсілте 
сілтеп, ата дұшпанының аяғын жарақаттайды. Әбу Жәһилдің адамдары қарап 
тұрсын ба, дәл қасында тұрған ұлы Иқрима Хазіреті Муаз ибн Амрға 
қарсыласып, оның қолын шауып үлгіреді. Қаһарман сахаба сол күнгі оқиғаны 
былайша еске алған: 
"Қолым иық тұсымнан шабылып, құр теріге ілініп, салбырап қалды. Ет 
қызумен оған мән бермеппін. Салбырап алдыма түсе берген соң арқама 
лақтыра салып айқаса бердім. Тіпті болмаған соң салбыраған қолымды 
аяғыммен үстінен басып тұрып, терісінен жұлып лақтырып жібердім". 
Муаз ибн Амрдан соң Әбу Жәһилді қылыштап құлатқан Муаз бен 
Муаззиз еді. Сұлап түскен оны өлді деген оймен сол жерге тастап кетеді. 
Залым мүшрік Үмәййа ибн Халаф бір кездері азапқа ұшыратқан құлақ кесті 
құлы Біләл Хабашидің оғынан ажал құшады. Арқа сүйерлерінен айрылған 


226
құрайыш мүшріктері бет алды қаша бастады. Құтылғаны құтылып, қолға 
түскендері 
тұтқындалады. 
Шайқас 
алаңы 
қашқандар 
мен 
ықтыра 
қуғандардан арылып, саябырсыған сәтте пайғамбарымыз Әбу Жәһилдің өлі-
тірісін анықтауды бұйырады. 
Бәдір қанға бұлыққан. Өлілердің кейбіреуін тану мүмкін емес. Азулы 
дұшпанды да таба алмаған мұсылмандарға Аллаһ Елшісі: 
"Әбу Жәһилдің тізесінде жарақат ізі бар, соған қарап іздеңдер. Бір 
кездері Абдуллаһ ибн Жуданың үйінде қонақта болғанда тізесінде 
жазылмайтын жара барын көріп едім", - деді. 
Хазіреті Абдуллаһ ибн Мәсуд сол нұсқаумен қаскөйді іздеп, өлім 
аузында жатқан жерінен табады. Көрген бойда аяғымен мойнын басып 
тұрып: 
"Ей, Аллаһтың дұшпаны, Құдіретті Аллаһ Тағаланың сені қор 
қылғанына ақыр аяғында көзің жетті ме?" - дейді. Ажалмен арпалысып жатса 
да залымдығынан танбаған Әбу Жәһил: 
"Ей қойшы! Өзің бірдеңе бітіргендей көлгірсуіңе жол болсын. Әйгілі 
адамдардың өз ру, тайпасының ақымақтарының қолынан өлуі бірінші рет 
емес. Сен одан да жеңіс кімнің жағында екенін айт", - дейді ыңырсып. 
Абдуллаһ ибни Мәсуд мастанып: 
"Аллаһ пен оның Расулы жеңді", - дейді. 
Өңі қашып бозарған дұшпан ағасы күпірліктен көз ашпаған күйі: 
"Мұхаммедке айта бар, бүгінге дейін жауласып келіп едім. Бүгіннен 
кейін дұшпандығым тіпті артты", - деді. 
Сахаба оның бұл жексұрын әрекетіне шыдай алмай басын жалаңдаған 
қылышымен қағып түсіреді. Сөйтіп Әбу Жәһил соңғы демінде де күпірлікке 
бойлап, тозақтың төріне озды. Хазіреті Абдуллаһ ибни Мәсуд кәпірлердің 
көшбастаушысының басын Аллаһ Елшісі мен мұсылмандарға әкеліп 
көрсеткен сәтте Хазіреті Мұхаммед: 
"Құлынан жәрдемін аямаған, дінін биікке асқақтатқан Аллаһ барша 
мақтауға лайық", - деді де, Әбу Жәһилді нұсқап: "Бұл үмметтің перғауыны - 
осы", - деді. 
Бірнеше сағатқа созылған қанды шайқаста мұсылмандар жеңіс 
тұғырына көтерілді. Он төрт сахаба шейіттік шәрбатын ішті. Мүшріктерден 
70-ке жуық адам өледі, оның 24-і қол бастағандар еді. Пайғамбардың 
бұйыруымен мүшріктердің мәйіттері тобымен бір шұңқырға көміледі. 
Шейіт мұсылмандардың жаназасы Бәдірде шығарылады. Жеңіс 
мұсылмандардың ертеңіне деген үмітін ұштап, сенімдерін нығарлай түсті. 
Күдік пен күмән біржола сейілді. Расулаллаһ Мәдинаға екі хабаршы жіберіп 
жеңістің сүйіншісін жеткізді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет