Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


А) Дұрыс наным-сенім жүйесі жоқ болатын



Pdf көрінісі
бет20/374
Дата02.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#134046
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   374
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

А) Дұрыс наным-сенім жүйесі жоқ болатын. 
Белгілі бір таухит сенімнің болмауы адамзат руханиятын шөктіргені 
сондай, азғындықтың небір түрі етек алып, адамдардың адам атауынан басқа 
қасиеттері жойылып біткен-ді. 
Барша болмыстың Жаратушысын бар екенін біле тұра, адамдар табиғат 
құбылыстарына табынып, Аллаһтың әміріндегі жер мен көкке, жұлдыздарға, 
Ай мен Күнге сыйынып, рухтан ада тақтай мен тастардан жасалған пұттарға 
сәжде қылатын. 
Адамзат баласының ар-ұжданы, рухы Аллаһқа иманнан мақұрым 
қалғандықтан "Бар жаратылыс иләһи құдіреттің нәтижесі" деуді білмей әбден 
адасқан, ақылды орынды қолданбау салдарынан көз байланып, көңілдер 
тұмшаланған. 
Иман, рух байлығы деген қазыналардан ауылы алыс қалған бұл 
байғұстар бір сөздің, бір кітаптың жазушысы, ойлап шығарушысы 
болатынын, кішкентай иненің де ұстасыз жасалмайтынын біле тұрып,
мыңдаған сырға толы, керемет жіңішке есеппен жаратылған мына дүниенің 
Жаратушысы бар дегенге сенбейтіндей дәрежеде парықсыз еді... 
Осындай мүшкіл халдегі дүние, тәухид сеніміне, Аллаһтың барлығы 
мен бірлігін паш етіп, соған илануға үндеушіге аса мұқтаж болатын. 
Күпірлік пен азғындықтан арылудың жолын көрсетіп, бағытын 
сілтейтін жолбастаушыға деген қажеттілік, күллі әлемнің пайғамбарға 
зәрулігі күн өткен сайын сезіле түскен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет