Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


"Ибраһим яһуди де емес, христиан да емес, ол ханиф мұсылман



Pdf көрінісі
бет28/374
Дата02.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#134046
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   374
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

"Ибраһим яһуди де емес, христиан да емес, ол ханиф мұсылман 
еді" 
(Али Имран сүресі, 67-аят). 
Ханифтер пұттардан жиренетін, Аллаһтың бар екендігіне, бірлігіне 
сенетін. Олардың қатарында Уарақа ибн Нәуфал, Убайдуллаһ ибн Жахш
Осман ибн Хуайрис, Зәйд ибн Амрды атауға болады. Бұлар пұттардың 
құрметіне ұйымдастырылған салтанатты жиын-жәрмеңкеде халықтың 
алдына шығып, пайдасы да, зияны да жоқ, жансыз, тілсіз, меңіреу пұттарға 
сәждеге жығылып, құрмет көрсетудің ақымақтық екендігін айтып жар салған 
-ды. 
Ақылға салып, ойланып, пұттарға табынудың жөн-жосықсыз екенін 
кейіннен ұғынып, бұл нанымға қарсылық білдіргендер де болған. Солардың 
бірі - Тайф руының басшысы Умаййа ибн Әби Салт. Ол жәһилия кезеңінде 
киелі кітаптарды көп оқып, пұтқа табынушылықты тәрк етіп, Хазіреті 
Ибраһимнің (а.с.) дінін қабылдаған. 
"Бисмикә Аллаһумә"
(Аллаһтың атымен)
тіркесін алғаш қолданған да сол. 
Кейін бұл сөз арабтарға ұнап, Аллаһқа сенбесе де, кітаптарының, сондай-ақ, 
кез келген жазбаның басына осылай жазып қоюды жаппай әдетке 
айналдырған. 
Умаййа ибн Әби Салт өлеңдерінде адамдарды дұрыс жолға үндейтін 
жетекшінің, яғни пайғамбардың қажеттігіне назар аударған. Арабтардың 


20
арасынан пайғамбар шығуға тиіс екендігін қасиетті кітаптардан оқып-
үйренгендіктен, сол құрметті атаққа өзі ие болғысы келетін. Сондықтан 
Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) пайғамбарлық берілгенде қызғаныштан оны 
мойындамаған. Тіпті ерегіс пен қызғанышынан Бәдір 
(Мекке мен Мәдина арасындағы жер 
аты. Мұсылмандар мен мүшріктер арасындағы алғашқы соғыс осы жерде болған) 
соғысында өлтірілген 
мүшріктерге, яғни пұтқа табынып, Аллаһқа серік қосушыларға арнап жоқтау 
айтқан. 
Хижреттің екінші жылы иман келтірместен өліп кеткен Умаййа туралы 
Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) бірнеше хадисі бар. 
Мұхаммед (с.а.у.) бір күні Шәрид ибн Суәйдпен бірге келе жатып
сахабадан: 
"Сен Умаййаның өлеңдерін оқығансың ба?" - деп сұрайды. 
"Иә, білемін" деп Шәрид Умаййаның өлеңдерінен бірнеше бәйіт оқып 
береді. Өлең жолдары Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) қатты ұнайды. Тағы да 
оқуын өтінеді. Қасида аяқталғанда Расул Әкрам: 
"Умаййа мұсылман болуға сәл-ақ қалған екен", - дейді. 
Тағы бір мәліметте: 
"Умаййаның өлеңдері иман келтіргенмен, өзі азғындықтан шыға 
алмапты", - дегені айтылады. 
Пұттар
Меккеге ең алғаш пұтты әкелген - Амр ибн Лухай есімді араб. 
Амр Шамға барған бір сапарында Ма'аб деген мекенге жолай соғады. 
Осы жерде Нұх пайғамбардың ұрпағы саналатын бір тайпаның пұттарға 
табынғанын көреді. Қызығушылық жеңіп, сұрастыра келе жергілікті 
халықтан: "Біз осы пұттардан көмек сұраймыз, сұрағанымызға ие боламыз. 
Жаңбыр тілесек, жауынға қарық боламыз" деген жауап алады. 
Мұнан соң Амр пенделігі ұстап, Меккеге алып кетуге пұт сұрайды. 
Ма'абтықтар оның сөзін жерге тастамай, Хубәл атты пұтты сыйлайды. 
Амр Хубәлді Меккеге алып келіп, орнатады. Надан халық бұрын-соңды 
болмаған әдетті қызық көріп, соған иланып (тілеуіңді орындайды десе илана 
кететін қара халықтың әдеті емес пе?), пұтқа табына бастайды. 
Осыдан бастап пұтқа табынушылық Меккеде кеңінен тарайды. Әр 
тайпаның өзіне тән пұты болатын. 
Құрайыштың ең үлкен пұты — Узза деп аталады. 
Әус пен Хазраж руларының Мәнат атты пұты Мекке мен Мәдина 
арасында Мүшәллал деген жерде тұратын. Кейінірек олар Узза мен Латқа да 
сиынған. Кәлб тайпасының пұты - Уәд аталатын, Думәтул Жәндал деген 
жерге орналасқан еді. 
Хузәйіл тайпасы - Сууа пұтына табынатын. 
Хәмдан алқабындағы Иаук атты пұт - Хәмдан руының тәңірісі еді. 
Тайи және Мәзхиж тайпаларыныкі - Иағус, Химйелилердікі - Нәср 
аталған. 
Бәкір ұлдары мен Кинаналар - Сад атты қолдан жасалған Құдайға 
құлдық ұратын. 


21
Әр тайпа өз пұтына табынып, жәрдем тілеп, солардың алдында құрдай 
жорғалайтын. Жансыз, рухсыз, тастан, ағаштан, ұннан, т.б. жасалған 
бейнелерді қараңғы халық құдіретті санап, соқыр сенімге бой алдырғантын. 
Аллаһ Расулы осындай нанымы надандықпен ұштасқан адамдардың 
санасын сәулелендіру мақсатымен келуге тиіс еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет