302
жағынан) сендерге (бастырмалата) келген-ді. Сол кезде көздер аларып,
жүректер алабүртқан-
ды..."(Ахзаб,10)
Сол тұста Құрайза руы Хүйәй ибн
Ахтабты құрайыштарға жолдап,
Мәдинаға
түнде
баса-көктеп
кіруді
жоспарлағандарын,
көмекке
мүшріктерден 100, ғатафандардан 100 адам жіберулерін сұрайды. Олардың
сондағы ойы - Мәдинадағы қорғансыз әйел, бала-шағаны басып алу.
Бұл хабарды естіген мұсылмандар қаланы түнде
қорғауға Зәйд ибн
Харис пен Салама ибн Әсламның басшылығында 500 әскер бөледі. Сарбаздар
қаланы көше-көше аралап таң атқанша тәкбір айтумен жаңғыртады. Яһуди
құрайзалар бірнеше рет шабуылдап нәтижесіз оралады.
Сафияның ерлігі
Яһуди құрайзалар екінші рет қалаға шабуылдаған тұста он шақты
дұшпан Хассан ибн Сабиттің үйіне оқ жаудырады. Үйде Пайғамбарымыздың
тәтесі Хазіреті Сафиямен бірге бірнеше әйел, он шақты бала бар еді. Аяусыз
дұшпан үйге кірмек болып ұмтыла берген. Хазіреті
Сафия төнген қауіпті
сезіп, өзінің әйел екенін жасыру үшін басына мықтап орамал байлайды да
қолына ұзын сырық алып үйден шықты. Мысықша басып теріс қарап тұрған
дүптпан әскерінің арқа тұсынан келген
бойда қолындағы сырықпен
қарақұстан қойып қалып, сұлатып түсіреді. Бір
демде тіл тартпай кеткен
жаудың басын кесіп алып арғы жақтан төніп келген яһудилерге қарай
лақтырып кеп жібереді. Яһудилер қорқып "Ойбай-ау, бұлардың үйлерінде
еркек жоқ, әйел бала-шагасы қорғансыз деп еді ғой. Мұнысы несі" деп тым-
тырақай қаша жөнелді.
Достарыңызбен бөлісу: