Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет292/374
Дата02.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#134046
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   374
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Екінші хабар
Ардақты 
Пайғамбарымыз Худайбияда жайғасқан тұста Хузаа 
тайпасының басшысының бірі Будайл Ибни Уарқа бірнеше адамымен 
Расулаллаһқа келеді: 
Тихама 
аймағын 
мекендейтін 
хузаалар 
жәһилия 
кезеңінде 
Пайғамбарымыздың руымен - хашимдермен одақтасқан. Исламнан кейін де 
сол келісімді аяқ асты етпей реті келгенде Аллаһ Елшісіне (с.а.у.) 
жақтасатын. Хузаалардың қай қайсысы да, мұсылманы немесе мүшрігі 
болсын, 
құрайыш 
мүшріктерінің 
ахуалынан, 
Меккедегі 
жағдайдан 
пайғамбарды құпия құлақтандыратын. 
Бұл жолы да Пайғамбарымызбен жүздескен Будайл: 
"Құрайыштар сенімен соғысуға ант ішті. Бәйтуллаһты зиярат етуге 
рұқсат бермеуге мықтап бекінді", - деді. 
Пайғамбарымыз Меккеге келу мақсатына тағы тоқталды: 
"Біз бұнда соғысуға келмедік. Мақсатымыз - умра жасау, Қағбаны 
тауап ету. Соғыстардан құрайыштың шеккен зияны аз емес, қалжыратқаны 
рас. Егер олар қаласа әлде де ойлануға, екі жақты келісім жасауға мәулет 
берейін. Белгіленген мерзімде менен қауіп келмесіне сенімді болсын. Басқа 
халықтар мен менің арама кірмесін. Егер мен ол қауымдарды жеңіп, олар 
Исламды қабылдаса, құрайыш мүшріктері де сол қауымдардың қалаған дінін 
мойындағысы келсе, қабылдасын. Ал егер мен басқа тайпаларды жеңе 
алмасам, онда олардың арманы орындалғаны. 
Егер құрайыш мүшріктері бұл айтқандарымды қабылдамай, маған 
қарсы бас көтерер болса, дінім үшін ақтық деміме дейін олармен шайқасуға 
Аллаһтың атымен ант етемін. Аллаһ та маған көмектеседі!" 
Будайл: "Мен сенің айтқандарыңды құрайыштарға жеткіземін", - деп 
жүріп кетті. 
Меккеге келіп, құрайыштарға Хазіреті Мұхаммедтен хабар әкелгендігін 
айтқанда, мүшріктер: 
"Біз оның хабарына зәру емеспіз. Айтқанымыз айтқан - қасық қанымыз 
қалғанша Ол Меккеге кірмейді!" - деді. Мүшріктер осылай дабырласып 
жатқанда араларынан Уруә ибн Мәсуд ақылға келіп: 
"Сендер 
неге 
Будайл 
мен 
жолдастарының 
айтқанына 
құлақ 
аспайсыңдар? 
Алдымен тыңдаңдар. Айтқандары ұнаса қабылдарсыңдар, ұнамаса 
қарсы шығыңдар!" - деп, үлкендік танытты. 


319
Құрайыштар оның сөзіне тоқтап Будайлдан Хазіреті Мұхаммедтің 
(с.а.у.) Меккеге келу мақсатын және өздеріне жолдаған ұсынысын тыңдады. 
Мұнан соң Уруә ибн Мәсуд жерлестеріне қарап: 
"Шынында да Будайл сіздерге бейбіт келісім мен тура жолды көрсету 
үшін келіпті. Сіздер Мұхаммедтің ұсыныстарын қабылдаңыздар. Менің 
Мұхаммедпен кездесуіме рұқсат етіңіздер", - деді. 
Құрайыш мүшріктері: "Барсаң бар Мұхаммедке. Бірақ қайтып келіп 
біздің басымызды ауыртушы болма", - деп Уруәның пікірін қоштамаған 
сыңай танытты. 
Уруә олардың кекесіндеріне қарамастан Пайғамбарымызға келеді. 
Мүшріктердің дайындықтарынан, Худайбия суының басында күтіп 
жатқандықтарынан, 
тірі 
жанды 
Меккеге 
кіргізбеуге 
шешім 
қабылдағандықтарынан хабардар етеді. 
Уруәны тыңдап болған соң Пайғамбарымыз: 
"Уа, Уруә! Аллаһ үшін айтшы, ана түйелердің құрбандыққа 
шалынуына, Бәйтуллаһты зиярат етуге қарсылықты қалай түсінуге болады? 
Біз соғысу үшін келген жоқпыз. Әу бастағы ниетіміз - кіші қажылық 
жасау, қасиетті мекенде құрбан шалу. Соны орындағымыз келеді. 
Құрайыштар түбі бір туысқаным, сол ағайындарыма былай де: 
"Соғыс оларды әбден қалжыратты. Өздері келісіп бізбен соғыспауға 
нақты уақыт белгілесін. Сол мәулет ішінде бір-біріміздің қанымызды 
ағызбайтын болайық. 
Сосын Бәйтуллаһпен арамызға тосқауыл қоймасын, біз Умра 
ғибадатымызды орындап, құрбан шалайық. 
Әйтпесе, Аллаһ Тағаланың Ислам дінін жер жүзіне жаятыны туралы 
уәдесі орындалғанға дейін, менің басым кеудемнен айырылғанша олармен 
шайқасуға серт беремін". 
Уруә ибн Мәсуд Пайғамбарымызбен сөйлесіп отырып сахабалардың 
Аллаһ Елшісіне деген құрметіне назар аударды. Оны қайран қалдырған - 
асхабының Пайғамбарына деген ерекше ілтипаты мен мойынсұнушылығы. 
Меккеге 
қайта 
оралғанда 
Пайғамбарымыздың 
айтқандарын 
құрайыштарға жеткізген соң, өзін таң қалдырған жайтты да жасырып 
қалмады: 
"Уа, халқым! Мен осы жасыма дейін көп жерге елші боп бардым. 
Сансыз билеушілермен жүздестім. Әр қилы әдет-ғұрыппен таныстым. 
Уаллаһи, бірде-бір билеушінің қарамағындағылардың құрмет, қызметі 
Мұхаммедтің 
асхабынікіне 
ұқсамайды. 
Көрген 
көзде 
жазық 
жоқ. 
Мұхаммедке (с.а.у.) деген мұсылмандардың ілтипатына тәнті болдым. 
Бірде-бір сахаба оның рұқсатынсыз сөйлемейді. 
Мұхаммедтің бұйрығын орындау үшін бір-бірімен жарысатындай. 
Онымен сөйлескенде бәсең дауыспен бетіңе тіке қарамай сөйлейді 
екен... 
Менің түсінгенім, мұсылмандар еш уақытта Оны жалғыз тастамайды. 
Оның маңына ешкімді жуытпайды! 
Бұны қалай түсінсеңдер де өз еріктерің!" - деді де, орнынан тұра беріп: 


320
"Ол бейбіт келісім жөнінде ұсыныс жасады. Сол ұсынысты 
қабылдайық", - деп сөзін бітірді. 
Уруәның бұл ұсынысын құрайыштар қабылдамақ тұрмақ, оны 
келемеждеп, мазақтады. Олардың тыныштық бермейтінін сезген Уруә 
Тайфқа жол тартады. 
Екі жақ бір-біріне елші жіберіп, өз көзқарастарын білдіріп жатты. 
Пайғамбарымыздың Меккеге келудегі мақсаты айқын, соны жеткізу үшін 
хузаалық Хираш ибн Үмаййаны елшілікке лайық көрді. 
Хираш - Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) құрайыш мүшріктеріне жіберген 
тұңғыш елшісі. 
Хираш ибн Үмәййа Хазіреті Расулаллаһтың мақсатын қанша 
түсіндіргенімен мүшріктер оған құлақ асқан жоқ. Мазақ етіп қана қоймай, 
астындағы түйесін тартып алып, бауыздап, ақыр соңында өзін де өлтірмек 
болады. Араға ахабиштер түсіп Хираш аман қалады. Пайғамбардың қасына 
келгенде ол басынан өткергендерін егжей-тегжейлі баяндап береді. 
Алайда елшісін өлтірмек болса да, Пайғамбарымыз істің ақырын 
сабырмен жақсыға жорыды. Құрайыштардан жаңа ұсыныстар күтті. Өйткені 
оның мақсаты қан төгу емес еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   288   289   290   291   292   293   294   295   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет