Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет289/374
Дата02.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#134046
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   374
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

ХИЖРЕТТІҢ АЛТЫНШЫ 
ЖЫЛЫ
XIII ТАРАУ
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


315
УМРА САПАРЫ
Хижреттің 6 жылы, зилқағда айы. Б.ә. 628 жылы, наурыздың 13-і. 
Аллаһ Елшісі бірде түсінде асхабымен бірге жайбарақат Қағбаны тауап 
етуге барғанын, қобалжу, қорқынышсыз Меккеде алшаң басып жүргендерін 
көреді. Пайғамбарымыз көрген түсін сахабаларына баяндағанда олар 
малақайларын аспанға атып қуанады. Өйткені муһажирлер Меккеден 
Мәдинаға қоныс аударғалы да аттай алты жыл өткен. Осы уақыт аралығында 
үлкенді-кішілі істер тындырып, үлкен нәтижелерге қол жеткізгенмен отанға 
деген сағыныш көңіл түкпірлерінен терең орын алған. Туып-өскен ата 
мекеннің топырағына ат басын тірейтін күнді іштей аңсайтын. Күнделікті бес 
уақыт намаздағы құбылалары - қасиетті мекенді аңсамау сірә мүмкін бе? 
Сондықтан Аллаһ Расулының "Сіздер түбінде Қағбадағы Харам мешітіне 
барасыздар" деген сөзін көңілдеріне демеу еткен. Пайғамбарымыздың 
түсінен соң сахабалар құдды бүгін-ертең туған жермен қауышатындай күй 
кешкен. 
Бағыт- Мекке
Пайғамбарымыз тағы да Мәдинада Абдуллаһ ибн Үммү Мәктумды өкіл 
етіп қалдырды. Күн дүйсенбі. 1400 мұсылман жолға шығуға даяр. 
Араларындағы 4 әйелдің бірі - Хазіреті Мұхаммедтің ақ некелісі Үммү 
Сәлама. 200 сарбаз атқа мінген. 
Меккеге умра - кіші қажылық жасау мақсатымен шыққан мұсылмандар 
қылыштан басқа қару алған жоқ. Қағба жанында құрбан шалуға ниеттенген 
олар түйелерін айдап жолға шықты. 
Пайғамбарымыз асхабымен бірге «Зул-Хулайфа» деген жерге жеткенде 
Хазіреті Омар суырылып шығып: 
"Уа, Расулаллаһ! Сені атарға оғы болмай отырған қауымға қарусыз, 
атсыз кіргенің қалай болар екен? Қару-жарағымызды сайлап шыққанымыз 
дұрыс болмас па еді? Әлдеқалай шайқасып қалып жатсақ...", - деп еді, Аллаһ 
Расулы: 
"Менің ниетім - умра ғибадатын орындау. Шайқасу үшін жолға 
шыққам жоқ", - деп қаруланбауының себебін тағы да нығарлай көрсетті. 
Мұсылмандар сонда да қобалжып келе жатқан. Саад ибн Убада да ішкі 
қаупін білдірді. 
"Уа, Расулаллаһ! Қару-жарақтарымызды алып шыққан болсақ, олардан 
күдіктенген сәтте ұрысқа кірісер едік", - деді ол. 
Пайғамбар алдыңғы жауабын бұл жолы да қайталады. "Мен қару алып 
жүрмеймін, өйткені ниетім - тек қана кіші қажылық". 
Зул-Хулайфада мәдиналықтар ихрамға - қажылық үшін арнайы ақ 
киімге оранады. 
Пайғамбарымыз да сол жерде бесін намазын оқыған соң ихрамын 
киеді. Құрбандық түйелерге де таңба салынды. Мұсылмандар да қажылық 
киімдерін киінді. Намаздан кейін Пайғамбарымыз құбылаға қараған күйі: 
"Ләббәйк! Аллаһүммә Ләббәйк! Иннәл хамдә уәнниғматә ләкә уәл 
мүлкә лә шәрикә ләк", - деді. 


316
Осынау киелі сөзден атырап нұрланып сала бергендей. Сахабаларының 
толқыныстары да жүздерінен оқылады. 
Зул-Хулайфадан шықпай тұрып Аллаһ Елшісі (с.а.у.) мүшріктердің 
жай-күйін біліп, әрі өздерінің келе жатқанынан хабардар ету үшін Бүср ибн 
Суфианды Меккеге бақылаушы ретінде жолдады. Бүср ибн Суфиан 
Мәдинаға пайғамбарымызбен кездесуге келген еді де, Расулаллаһтың 
өтінішімен Меккеге бірге қайтқан-ды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет