Келісім баптары Келісім мынадай баптардан құралады:
1. Мұсылмандар мен мүшріктер тыныш, бейбіт өмірді қамтамасыз ету үшін 10 жыл бойы бір-бірімен шайқаспайды. 2. Пайғамбар мен мұсылмандар биыл Меккеге кірмей, кері қайтады. Келер жылы қастарына қылыштан басқа қару алмай келіп Қағбаны тауап етеді, Меккеде үш күн қалады. Бұл мерзім ішінде мүшріктер қаланы босатады. 3. Мәдинадағы мұсылмандардан Меккені паналағандар болса, мұсылмандарға қайтарылмайды. Бірақ Меккеден Мәдинаға барғандар, мұсылман болса да сұралған сәтте кері қайтарылады. 4. Араб тайпалары өз қалаулары бойынша Расулаллаһқа (с.а.у.) немесе құрайышқа жақтаса алады.