Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


ХУДАЙБИЯДАҒЫ БЕЙБІТ КЕЛІСІМ



Pdf көрінісі
бет296/374
Дата02.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#134046
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   374
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

ХУДАЙБИЯДАҒЫ БЕЙБІТ КЕЛІСІМ
Хижреттің алтыншы жылы, зилқағда айы. Б.з. 628 жылы. 
«Рыдуан серті» құрайыштардың үрейін ұшырды. Пайғамбардың 
Меккеге баса-көктеп енуінен қорыққан олар шұғыл түрде бейбіт келісім 
жасау мақсатымен мұсылмандарға өз өкілдерін жіберді. 
Сухайл ибн Амр (басшы), Хуайтип ибн Абдул Узза және Миқраз ибн 
Хафс үшеуі Мұхаммедке (с.а.у.) бейбіт келісім ұсынысын жеткізуді 
мойындарына алды. 
Құрайыш үлкендері елшілерін аттандырарда: 


323
"Мұхаммед биыл Меккеге кірмей кері қайтсын. Егер бұл шартты 
қабылдамаса, бейбіт келісім туралы сөз қозғамай-ақ қойыңдар", - деді. 
Пайғамбарымыз мүшріктердің өкілі Сухайлдың келгенін (Сухайл - 
арабшада оңайлық, ыңғайлылық мағынасын береді) атына қарап жақсыға 
жорып, сахабаларына: 
"Шаруаларымыз оңға басты дей беріңдер. 
Құрайыштар бейбіт келісім жасағысы келсе, үнемі осы адамды 
жібереді", - деді. 
Мүшрік делегациясының басшысы Сухайл ибн Амр Расулаллаһтың 
(с.а.у.) алдына барып тізерлеп отырды. Малдас құрып отырған пайғамбарды 
мұсылмандар айнала қоршаған. 
Сухайл ибн Амр ұзақ сөйледі. Ең соңында бейбіт келісімге келуді 
ұсынды. Пайғамбарымыз да оның ұсынысына қарсы болмады. Мұнан соң 
келісім шарттарын нақтылады. Кезек келісім мәтінін жазуға келгенде 
пайғамбарымыз хатшы тағайындаған Хазіреті Әлиге: 
"Бисмилләһир-рахманир-рахим деп баста", - деді. 
Сухайл жұлып алғандай: 
"Жо-жоқ, біз бұған келіспейміз, бисмилләһир-рахманир-рахимді біз 
білмейміз. «Бисмикә Аллаһумә» деп жазылсын", - деді. 
Пайғамбарымыз: 
"Ол да керемет! Онда солай деп жаз", - деп бұйырды Хазіреті Әлиге. 
"Бұл Мұхаммед Расулаллаһтың Сухайл ибн Амрмен келісіп, 
бейбітшілік сақтау жөніндегі, екі тараптың да орындайтындығы қол қойылып 
шешілген келісім баптары», - деген Расулаллаһ сөздеріне мүшрік өкілі тағы 
да наразылық білдірді. 
"Біз сенің Аллаһ Расулы екендігіңе сенсек, Меккеге кіруіңе тыйым 
салмаған болар едік, сондықтан Расулаллаһ деп жазуға қарсымын", - деді ол. 
"Жарайды, басқаша қалай жазғанды қалайсың?" - деп сұрады 
Пайғамбарымыз. 
"Мұхаммед ибн Абдуллаһ деп өзіңнің және әкеңнің аты-жөнін 
жаздырсаң дұрыс болады", - деді. 
Бұған да келіскен Пайғамбарымыз: 
"Уа, Әли! Расулаллаһты өшір, Абдуллаһ ұлы Мұхаммед деп жаз", - 
деді. 
Хазіреті Әли: "Уаллаһи, мен Расулаллаһ сипатын ешқашан өз қолымен 
өшіре алмаймын", - деп жауап берді. Мұсылмандар да оны қоштап: 
"Біз Мұхаммед Расулаллаһ деп жаздырамыз. Дінімізді менсінбеушілік 
қой бұл, бұғып қала алмаспыз", - деп дабырласып кетті. 
Хазіреті Расулаллаһ оларға "үндемеңдер" деп мүбәрак қолымен ишара 
берді де: 
"Қане қай жерде Расулаллаһ жазуы?" - деп сұрады. Қағазға төнген күйі 
өз қолымен оны өшіріп, орнына «Мұхаммед ибн Абдуллаһ» деп жаздырды. 
Пайғамбардың бейбітшілікті қаншалықты жақтайтыны осыдан-ақ 
байқалады. 


324


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   292   293   294   295   296   297   298   299   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет