33 Мектеп-лицейі Тәрбие сағаты Тақырыбы: Бейбітшілік ел тірегі



бет1/2
Дата04.10.2022
өлшемі23,84 Kb.
#151590
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
33 Мектеп


33 Мектеп-лицейі


Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Бейбітшілік - ел тірегі
Өткізген: Жақсыбекова Айсана
Сыныбы: 6 «Б»

Алматы, 2022


Мақсаты: Қазақстан Республикасының өз Отанының қол жеткізген жетістіктері жайлы мағұлымат беру және Отансүйгіштікке, патриотизмге , бейбіт өмірді қолдауға тәрбиелеу.
І.Ұйымдастыру кезеңі
а )Оқушылармен амандасу;
б) Оқушыларды түгелдеу;
в) Тәрбие сағатының мақсатымен таныстыру
ІІ.Сабақтың барысы
Ядролық қарудан бас тартқан Қазақстан қандай жетістікке қол жеткізді?
-Ядролық қарудан бас тарту - бірден-бір стратегиялық дұрыс шешім болды. Сол арқылы еліміз әлемдік қоғамдастықта лайықты орнын иеленді. Қауіпсіздікті қамтамасыз етті. Сондай-ақ Қазақстан жалпыға ортақ ядролық қарусыздануға қол жеткізу үшін басқа мемлекеттерден пәрменді іс-қимыл талап етуге моральдық және саяси құқыққа ие болды.Осыдан тура 72 жыл бұрын, 1949 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигонында алғашқы сынақ жүргізіліп, плутоний заряды жарылды. Бұл КСРО-дағы тұңғыш атом бомбасының сынақтан өткізілуі болатын.
Таңғы жетіде жерге түскен бомба отты шарға айналып, бір сәтте жер қабығының күлі мен иісін көкке көтерген. Айналада бір түп те шөп қалмады, осы маңды мекендеген жан-жануарлар мен жәндіктер де түгел қырылып қалған еді.Ең сорақысы сол, осынау полигон маңындағы ауылдарға қауіпті сынақтың болатыны ескерілмеген. Болып жатқан жағдайдан титімдей де түсінігі жоқ халық алғашқы жарылыстан радиациялық сәуленің өте көп мөлшерін алғаны есімізде. Ал, жарылыстан кейін пайда болған радиоактивті өнімдер аймақтың барлық елдімекендерін жауып қалды. Ауылдың аңқау қазағына Семей полигоны жайында тек төрт жыл уақыт өткеннен кейін, яғни 1953 жылы ғана естірте бастаған. Тек сол уақыттан бастап қана тұрғындар қауіпсіз аймақтарға уақытша көше бастады.Семей полигонын КСРО өзінің ядролық қаруының шама-шарқын тексеріп көру мақсатында ашқан болатын. Бұл үшін 18 миллион гектар жер бөлінді. Алғашында сынақтар жер бетінде өткізілген. Айналаға тигізген зияны ұшан-теңіз болғаннан кейін жарылыстар жер астына көшірілген еді. Сол заманның өзінде радиациядан зардап шеккендердің саны жарты миллион адамға жетті.Полигонда өткізілген сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық, яғни жер бетінде немесе әуе кеңістігінде жасалған. Осы ашық жарылыстардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп еді.Семейде жүргізілген алғашқы ядролық сынақтан кейін-ақ осы өңір халқының арасында түрлі аурулар көбейе бастады. Әсіресе, қатерлі ісіктерге ұшыраған науқастардың саны күрт өскен, ракпен ауыратындардың қатары үш есеге артты. Туылған нәрестелер жетілмей, дүниеге әр түрлі кемістігі бар сәбилер келе бастады. Адамдарды айтпағанда, егін егіп отырған алқаптардың барлығы да уланған. Жер құнарсызданып, оның құрамында темір, мыс, магний сынды металдардың мөлшері артты.1953 жылы 12 тамызда Семей сынақ алаңында сутектік РДС-2 бомбасы сынақтан өтті. Қуаты 480 килотоннаға жеткен жарылыстың саңырауқұлақ секілді бұлты 16 шақырым биіктікке көтеріліп, радиусы ондаған шақырымға жетті.
Ол шарпыған жердегі өсімдіктер кейін бірнеше күн бойына сәуле шығарып тұрды. Салдарынан қаншама мал қырылды, жергілікті халық арасында адам естімеген жаңа індеттер пайда бола бастады. Кейін, 1991 жылдың 28 тамызында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарды. Осылайша қазақ елі атом бомбасынан бір жола бас тартқан болатын. Президенттің осы әрекетінен кейін Ресей мен АҚШ-тағы және Франциядағы ядролық сынақ алаңдарында да жарылыстар тоқтатылды.
Қазақстан Семей сынақ алаңы жабылған сәттен бастап адамзат тарихындағы ең зұлмат сойыл – ядролық қарумен күрестің көшбасшысы атанды. Ядролық қарусыз мем­лекет құру жөніндегі тарихи шешімін қабылдай отырып, Қазақстан басшы­сы Нұрсұлтан Назарбаев, біріншіден, өз елі үшін ядролық державалар­дан қауіпсіздік кепілдігін ала алды, екіншіден, оқтұмсықтардың түгелімен жойылуына кепілдік ретінде сол ядролық мемлекеттердің бірқатарын тарта отырып, өзінің бейбіт ниетін күллі әлемге дәлелдей алды.Қазақстанның ядролық қарусыз мемлекет атануына жол салған тағы бір маңызды қадам президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өз елі Ядролық қаруды таратпау туралы келісімшартқа қосылуға дайын екендігін мәлімдеуі болды.Ол осынау тарихи мәлімдемесін 1992 жылғы 18-23 мамырда Вашингтонға жасаған алғашқы ресми сапары барысында жасады..Қазақстан полигонды жауып, өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет ретінде тарихта қалды. Біздің еліміз қашанда өзінің бейбітсүйгіш саясатымен белгілі мемлекеттердің бірі. Қазақстан өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан ел. Мұны, біздер, «Невада – Семей» қозғалысының белсенді мүшелері жақсы білеміз. Еліміз тәуелсіздік алған кезде «Невада – Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалыс құрып, Семей сынақ полигонын жабуға үлес қосқан едік. Елбасына жеделхат жолдап, өз ұсынысымызды білдірген болатынбыз. Ал Президентіміз халықтың тілегін қабыл алып, 40 жыл ажал сепкен Семей атом қаруын сынау полигонын жапты. Сүйтіп, бүкіл әлемге тәуелсіз Қазақстанның бейбіт мемлекет екенін іс жүзінде дәлелдеді.
Қорытындылай келе, Бейбітшілік-адам баласының ең асыл құндылықтарының бірі.Қазіргі қоғамда бейбітшілік болуы тиіс..Бұрыңғы соғыс кезінде ата-бабамыз бейбітшілікті аңсаған.Қазіргі бейбітшілік ол сол кісілердің арқасы.Әрбір жерде мектепте де далада да сыпайы тыныш жүрсек міне осы нағыз бейбітшілікке алып келеді!


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет