Той-думанға баруға тиым салынғаны хақында Аллаһ
Тағаланың
тікелей
тәрбиесіне
бағынышты
болған
пайғамбарымыз көкесі Әбу Тәліптің қойын бағып жүрген тұста басынан
өткен жайтты былай баяндаған:
Мен жас кезімде басқа жерлестерім сияқты той думанға барып
қызықтайын деп екі рет ойладым. Бірақ екеуінде де ойым жүзеге аспады.
Аллаһ тыйым салды. Сонан соң пайғамбарлық құрметіне бөленгенше той-
думанға аттап басқан емеспін.
Оқиғаны тыңдайық.
Бір құрайыш жігітімен бірге Меккенің шет жағында қой (түйе)
бағатынбыз. Түнде де кезектесіп малға қарауды әдетке айналдырған едік.
Бір күні кешке жанымдағы жолдасыма "Мен бүгін қалаға барып,
жастардың түнгі ертегі мәжілістеріне қатысқым кеп тұрғаны", - дедім.
Жолдасым: "Бара бер, қойға мен-ақ иелік етейін", - деп жауап берді.
Сөйтіп, мен Меккеге келдім. Қалаға кіре берісте-ақ бір жерде ән айтып,
музыка ойналып жатқанын естідім. Сол күні қалада үйлену тойы өтуде екен.
Ыңғайлы жерге отырып алып, тойды қызықтамақ болдым. Сол-ақ екен екі
құлағым тарс бітеліп, ұйықтап кетіппін. Таңертең күн шақшиып түскенде
ғана оянып, есімді жидым.
Қойшы жолдасым қайтып келгенімде менен не көргенімді сұрады. Мен
басымнан өткен жайды баяндап бердім. Ол да аң-таң.
Тағы бірде дәл осылай той қызықтамақ болғанымда Қайтадан
алғашқыдағыдай түк сезбей ұйықтап қалыппын. Осыдан кейін жәһилияның
думандарына қатыспақ түгілі, жолауға зауқым соқпады.