Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет178/374
Дата02.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#134046
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   374
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

 
 
МӘДИНА КЕЗЕҢІ 
 
 
 
 
 
 
 
 


202
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
МӘДИНАҒА ОРНЫҒУ 
 
 
 
 
ҮІІІ ТАРАУ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


203
М
ӘДИНА - МҰСЫЛМАНДАР МЕКЕНІ
Мұхаммед (с.а.у.) Мәдинаға көшіп келіп, орныққан соң қала Ислам 
орталығына айналды. Сол кездегі Мәдина қаласы және тұрғындары хақында 
қысқаша тоқталар болсақ, осынау мұсылмандар мекені сол дәуірдің өзінде 
Араб түбегінде маңызды нысан саналатын. Айналасы таулы, жазықта 
орналасқан қаланың жері шұрайлы, топырағы құнарлы, суы мол, ауа райы да 
қолайлы әрі Меккеге қарағанда жауын-шашынды. 
Аллаһ Расулы хижрет еткенге дейін қала Ясриб аталған. Осында көшіп 
келген соң Расулуллаһ қаланың атын "Мәдина" деп өзгертті. Мәдина - 
арабша қала дегенді білдіреді. Осы сәттен мұсылмандар жаңа мекенді 
Мәдина деп атай бастады. "Мәдинатун-нәби", яғни «Пайғамбар қаласы» деп 
атағандар да болды, бірақ келе-келе Мәдина атауы ғана қалды. 
Мәдинаға мұсылмандардың көші тұсында қаланың жергілікті 
тұрғындары арасында яһудилер мен христиандар да басым еді. Сол кезде 
қала халқының саны он мыңға жуық дегенді мәліметтерден кездестіреміз. 
Мәдиналық жергілікті мұсылмандар Әус, Хазраж руларының өкілдері 
еді. Әустер мен хазраждар арасында атам заманнан дау-дамай, жанжал, 
төбелес толастамай келген. Ең соңғы ішкі соғыс «Буас» деп аталған, жүз 
жиырма жылға созылған бұл қырғын Пайғамбарымыздың Мәдинаға 
хижретінен бес жыл бұрын аяқталған. Қанды қырқыста екі рудың да атақты 
батырлары қаза болған. Хижреттен соң екі ағайынды ру арасында 
дұшпандық - достыққа, бақастық - бауырластыққа айналды. Бір ғасырлық 
алауыздықтың адамгершілікке, түсінісушілікке айналуы - ұлы Алланың 
сүйікті елшісіне тамаша тартуы. 
Мәдинаны яһудилердің үш руы, яғни Қайнуқа, Қурайза және Надрлар 
мекендейтін... 
Христиандар саны жағынан аз саналатын. Исламның Мәдинада кең 
таралуына бейжай қарап отыра алмаған олар қоныс аударғанды жөн көрді. 
Ухуд шайқасында мүшріктерге қосылып, мұсылмандарға қарсы шыққан осы
христиандар, кейіннен Византияға (Румға) барып бас сауғалаған. 
Саяси тұрғыдан алғанда сол шақтағы Мәдинаның халі өте төмен еді. 
Адамдар тайпа-тайпаға, ру-руға бөлініп, әр рудың өзінше заңы болатын да, өз 
басшыларынан басқаға құлақ аспайтұғын. 
Адам құқы аяқ асты етілген әлсіз руларға төлемақы өтелетіндей жағдай 
бола қалса, я болмашы құн төленетін, я болмаса мүлдем мән берілмейтін. Өте 
қажет болғанда қазы сайланып, олар да өздерінің жеке пікір, көзқарастарына 
сәйкес үкім шығара салатын... 
Сауаттылар саусақпен санарлық еді. 
Сүйікті пайғамбарымыз хижрет еткен мекеннің географиялық, саяси, 
қоғамдық сипаты осындай еді. 
Пайғамбарды маңызды мәселелер күтіп тұрған-ды... 
Пайғамбарымыз бен Мәдинаға орныққан мұсылмандардың тыныш 
өмірін Меккедегі мүшріктер көре алмай, әр қилы шараларды ұйымдастыруды 


204
қолға алады. Ендігі мақсат - муһажир мұсылмандар мен жергілікті халық 
арасына, от тастау. Саналарын билеген сайқал сезім мүшріктердің дегбірін 
қашырып, ақыры - мұсылмандарды емен-жарқын қарсы алып, қошемет 
көрсетуші әнсарларға ескерту ретінде екі рет хат жолдайды. Үшбу хаттағы 
жазылғандар ескертуден гөрі қорқыту-үркітуге ұқсайтын. Мұсылмандарды 
қолдауын қоймаса, адам айтқысыз ауыр халге душар болатындықтары 
айтылған суыт хабарларға әнсарлар бой алдырмады, қайта көмек-демеуді 
күшейте түсті. Азаматтық әрекеттерімен қауіп-қатерге бірлесе бас 
тігетіндіктерін білдірді. Ескертулерінің жан баласына шыбын шаққан құрлы 
әсер етпегенін аңдаған мүшрік хабаршылары үнжырғасы түсіп елге қайтты. 
Осылайша мәдиналықтарды Хазіреті Мұхаммедке қарсы қоюдың мүмкін 
еместігі де айқындалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет