Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет186/374
Дата02.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#134046
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   374
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

СУФФАДАҒЫ САХАБАЛАР
Пайғамбар мешіті тәмамдалғанмен, құбыла – Қағба болып бекітілмеген 
тұс. Мешіттің солтүстік жақ қабырғасына жапсарлас құрма ағаштарынан 
кәдімгі қосқа ұқсас баспана жасалады. Баспана араб тілінде суффа аталып, 
тұрғындары суффа сахабалары делінеді. Қасиетті мешіттің суффасында 
тұратын сахабалардың Мәдинада өздерінен өзге не жақын-жуығы, не туыс-
туғаны, не дүние-мүлкі жоқ еді. Олардың мақсаттары - бауырдан ұзақ, 
дүниенің бітпейтін күйбеңінен қашықтап, тек Аллаһ ырзалығы үшін ілім-
білім үйреніп, Құран жаттап, Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) дәрістерін тыңдау 
ғана. Жай күндері де ораза тұтатын. Күндіз-түні бар уақыттарын Ислам 
тағылымын алуға арнап, пайғамбарлар сәруарының аузынан шыққан әрбір 
сөзді, Оның әрбір әрекетін жадында сақтауға тырысатын. Жан-жақты 
біліммен қаруланған соң мұсылман руларды аралап жүріп Құран үйретіп, 


210
ардақты Пайғамбарымыздың сүннеттерін баяндауды өздеріне борыш 
санайтын. 
Діндарлықтарымен, 
Аллаһтың 
ақ 
жолына 
жан-тәнімен 
берілгендіктерімен танылған оларды халық «қурра» - Құран ілімін 
таратушылар атандырады. Қарапайым ғана лашықтары «дарул қурра» - 
қурралардың үйі деп аталып кетеді. Жалпы саны 400-500-дей болған бұл 
кішіпейіл, рухы, биік жандар бүкіл ғұмырларын Құран мен сүннетті 
үйренуге, оны таратуға арнаған. Олар қажет жағдайда Ислам жеңісі үшін 
шайқастарға да қатысқан. Үйленіп, шаңырақ көтергендері суффадан 
шығатын да, орнына басқа шәкірт алынатын. Саудамен не басқадай өнермен 
шұғылданбағандықтан, ішіп-жем, мұқтаждықтары Аллаһ Расулы мен 
дәулетті сахабалар тарапынан өтелетін. 
Пайғамбарымыздың 
хадистерін 
ең 
көп 
жаттап, 
кейінгілерге 
жеткізгендердің бірі - Әбу Һурайра да осы суффаның түлегі. 
"Менің көп хадисті жатқа білгендігіме таңырқамаңыздар. Өйткені 
муһажир бауырларым базарда саудамен, әнсарлар бақшадағы істерімен 
шұғылданған шақта мен Пайғамбарымыздың насихаттарын тыңдап
жаттаумен айналыстым",- деуі - осының дәлелі. 
Аллаһ Расулы суффа асхабының тәлім-тәрбиесімен қатар, материалдық 
мұқтаждықтарын да өтеуге тікелей бас-көз болатын. Үнемі олармен 
сұхбаттасып, жеке мәселелерінде де жәрдемін аямайтын.. 
Сұхбаттарында: "Егер сіздер құдіретті Алланың назарындағы алар 
орындарыңызды білсеңіздер, жоқшылық пен зәруліктеріңіздің арта түскенін 
қалар едіңіздер", - деп оларға өздері айналысып жүрген мәселенің 
маңыздылығын жиі ескертеді екен. Дүнияуи азапты елең қылмастан жыртық-
жамау киімге, өзек жалғар болмашы азыққа разы болып, күні-түні Аллаһқа 
ғибадат етуге әбден мойынсұнған сахабаларының жауанмәрттігіне сүйсінген 
Мұхаммед пайғамбардың (с.а.у.): 
"Уа, 
Суффа 
асхабы, 
осы 
мүшкіл 
халіне 
қарамастан 
маған 
мойынсұнғандар - менің нағыз достарым саналмақ", - дегені де бар. 
Пайғамбардың тағы бір қасиеті-өзіне арнайы әкелінген қандай заттың 
да, мейлі ол тағам немесе бұйым болсын, садақа не сыйлық екенін сұрап 
алатын. Егер садақа болса, саусағының ұшын да тигізбестен суффадағы 
сахабаларына жолдайтын да, сыйлық болса оны алып белгілі бір мөлшерін 
өзіне қалдырып, қалғанынан асхабына үлес айыратын. 
Расулаллаһ өмір жалғанда садақа алған жан емес. 
Осы орайда, мынадай оқиғаны баяндай кеткенді жөн көрдім. 
Бірде Пайғамбарымызға бір табақ құрма ұсынылады. "Садақа ма бұл, 
әлде сыйлық па?" - деп сұрайды Расулаллаһ садақа екенін білген соң 
Суффадағы шәкірттерге апарып беруін өтінеді. Сол мезетте қасында отырған 
кішкентай немересі Хасан әлгі табаққа қолын созып көз ілеспес 
жылдамдықпен бір құрманы алып, аузына салып үлгереді. Мұны көрген 
пайғамбарымыз жылдам қимылдап баланың аузындағы құрманы қолымен 
алып тастайды да: 
"Бізге - Мұхаммедке және оның әулетіне садақа жеуге болмайды, ол біз 
үшін адал саналмайды", - дейді. 


211
Сондай-ақ Бақара сүресінің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   182   183   184   185   186   187   188   189   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет