"Уа, хақ кітап түскен дін өкілдері (христиандар, яһудилер) арамызда ортақ сөзге келейік: Аллаһтан басқаға ғибадат жасамайық. Оған ештеңені ортақ қоспайық. Аллаһты ұмытып, бір-бірімізді тәңір қылмайық. Егер бұны қабылдамаса, оларға былай деп айтыңдар: Куә болыңдар, біз шын мұсылмандармыз" делінеді.
Арадан көп уақыт өтпей жатып яһудилер келісімде айтылғандарға теріс
әрекет жасап, қыр көрсете бастаған. Мемлекетті қандай жағдайда да көздің
қарашығындай қорғау туралы бап сөз күйінде қалған. Мүшріктерден
Мәдинаға қатер төнген тұста аяқ астынан өзгеріп шыға келген яһудилер
ойларына келгенін істеп, жаңа жүйе енгізбек болып әлек салды.