Кісі ақысына мән берген... Сапарға шыққан мұсылмандардың бар көлігі - жетпіс түйе, екі ат.
Түйелерге кезектесіп мінілді. Пайғамбарымыз Хазіреті Әли мен Мәрсәд ибн
Әби Мәрсәд үшеуі бір түйеге ортақ. Жүру кезегі Аллаһ Расулына келгенде
сахабалар ілтипатпен:
"Уа, Расулаллаһ! Сен көліктен түспей-ақ қой, біз сенің орныңа да жаяу
жүрейік", - дейді. Мұхаммед (с.а.у.) ғұмырында кісі ақысына қатты көңіл
бөлген. Бұл жолы да:
"Сендер мен менің еш айырмашылығым жоқ, көбірек жаяу жүретіндей
сендер менен қуатты емессіңдер. Мен де сауапқа зәрумін", - деп келіспеген.
217
Ислам діні әр адамның жеке құқығына жете мән береді. Кісі ақысына
көңіл бөлмеу - иманның әлсіздігі саналады. Әркімге өзіне тиесілі құқық
танылуға тиіс.