Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет194/374
Дата02.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#134046
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   374
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Мұсылмандар Бәдірде
Аллаһ Расулы бастаған мужаһид әскерлер мүшріктерден бұрын Бәдірге 
келіп, үлкен құдықтың маңына түседі... Әрқашанғы әдеті бойынша сардар 


220
пайғамбар асхабымен оңтайлы орналасудың жайын кеңесті. Хубаб ибн 
Мунзир есімді сахабаның пікіріне көпшілік келісім білдірді. 
"Уа, Расулаллаһ!" - деді ол, "Біз соғысқалы келдік. Менің ойымша, 
бүкіл құдықтарды, су көздерін бітеген дұрыс. Бір ғана қайнарды қалдырамыз 
да, сол маңға өзіміз орналасамыз. Осы түскен жеріміз - Аллаһтың әмірімен 
білдірілген бе, әлде Сіздің жеке қалауыңыз ба?" - деп қолбасшысына қарады. 
Хазіреті Расулаллаһ: "Жоқ, әрине, шайқасқа ыңғайлы деген оймен өзім 
таңдадым", - деп жауап берді. Хазіреті Хубаб: "Уа, Расулаллаһ! Бұл жер аса 
ыңғайлы емес. Рұқсат етсеңіз, осы бетімізбен жылжып, құрайыштар 
қонақтайтын маңайға жақын су көзіне дейін барайық. Ол жерде суы мөлдір 
тұщы құдық бар. Онан басқа барлық құдықтарды бітейміз де, өзімізге бір 
қауыз қазып, ішіне су толтырып аламыз. Шөлдегенде содан пайдаланамыз. 
Ал мүшріктер шөл қысып, су таба алмай әуреленетін болады", - деді. 
Сәруар пайғамбар Хазіреті Хубабтың көзқарасына зәредей наразылық 
білдірместен әскерін соңынан ертіп, айтылғандарды жүзеге асырды. Су 
көздері жабылып, қауыз қазылып, іші суға толтырылды. 
Байқағанымыздай, 
асхабтың 
әрбіреуі 
ақылдылығымен, 
шешім 
қабылдаудағы қайсарлығымен ерекшеленеді. Пайғамбарымыз да ұдайы 
олармен кеңесу арқылы іске кірісіп отырады. Бір бастан екі бас артық 
демекші, кеңес - Ислам принциптерінің негізгілерінің бірі ретінде күні 
бүгінге дейін бар. Жоғарыда баяндалған оқиғадан кеңесіп пішкен тонның 
келте болмайтындығына көз жеткізе түскендейміз. 
Бәдірге келіп орналасқан соң пайғамбарлар сардарының ең алдымен 
қолға алғаны - әскери тәртіпті мықтау. Сарбаздарды сапқа тұрғызып, топқа 
бөліп, әр топқа жетекші тағайындады. Мұсылман мужаһидтер: әустер, 
хазраждар және муһажирлер болып үш үлкен топқа бөлінген. Әр бөлік 
желбірете көкке көтерген байрақтарынан танылатын. Муһажирлер туын 
Мусаб ибн Үмәйір, әустердікін Саад ибн Муаз, ал хазраж байрағын Хубаб 
ибн Мунзир көтерген. 
Әскери бөліктерді реттеген соң Аллаһ Елшісі былайша бұйрық берді: 
"Әркім өз орнын білсін. Орындарыңнан қимылдаушы болмаңдар. Менен 
бұйрық келмейінше шайқасқа кіріспеңдер. Дұшпан жақындамай жатып 
оқтарыңды босқа ысырап қылмаңдар. Жау әскері қалқанын ашқанда ғана оқ 
атыңдар. Жақындаған сәтте таспен шөкелеңдер, одан бетер жақында болса 
найза қолданыңдар. Қылышты бетпе-бет келгенде ғана қынынан шығаруға 
болады". 
Мужаһидтердің әрбіреуі орындары белгілі болғандықтан айналасына 
тасты үйіп жинап алады. Қорған үшін бұл таптырмас құрал еді. 
Шайқас қағидалары түсіндіріліп, тәртіптелген соң Хазіреті Саад ибн 
Муаздың ұсынысымен Аллаһ Расулына арнап құрма ағаштарынан қос-шатыр 
тігілді. Пайғамбарымыз қосқа айнымас серігі Хазіреті Әбу Бәкір Сыддықпен 
бірге көлеңкелеп жан шақыру үшін кіреді. Хазіреті Саад ибн Муаз бірнеше 
жолдасымен бірге бастан аяқ қаруланып, пайғамбар шатырын күзету 
құрметіне ие болады. 


221
Бәдірге аяқ басқан сәтте-ақ Аллаһтың сүйікті елшісі төңірекке 
бажайлап көз жүгіртті де: "Иншаллаһ, ертең таңертең пәленшенің оққа ұшар 
жері мына жер! Түгенше мына жерде жан тәсілім етеді. Сосын мына жерде..." 
- деп құрайыш мүшріктерінің басшыларының о дүниелік болар жерлерін 
қолмен қойғандай көрсетіп береді. 
Хазіреті Омардың айтуы бойынша бәрі Аллаһ Расулының дегеніндей 
болды. 
Таңертеңгі шайқасқа мұсылмандар рухани дайындалумен, ғибадатқа 
беріліп, ықыласпен дұға етумен болды. Әрине, пайғамбардың тағат-ғибадаты 
ерекше-тін. Сол түні ол өзіне арнап тігілген қостың ішінде таң ағарып 
атқанша көз ілместен дұға етті. Рақымды да мейірімді Раббына 
жалбарынғанда барша әлем, көк пен жер онымен бірге мұңайып, уайымға 
берілгендей. Ұшы-қиырсыз шөл дала құдды нұрлы пенденің тілегеніне үн 
қосқандай, тым-тырыс, мұңды кейіпте. 
"Аллаһым! Маған берген уәдеңді орындай гөр! 
Уа, Аллаһым! Мынау аз ғана мұсылман мужаһид жеңіліске ұшыраса, 
саған жер бетінде ғибадат ететін пенде қалмайды", - деп жалынышты күйде 
шын ниетімен қол жайғанда он сегіз мың ғаламды тебірентті. 
Расулаллаһ бес уақыт намазының соңында осы дұғаны айна-қатесіз 
қайталайтын. Аллаһ Расулының жүрекжарды тілегін құлақтары шалған 
муминдердің ақиқат жолындағы ықыластары артатүсетін... 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет