Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


"Сендер (қару, сан және көлік жөнінен дұшпаннан



Pdf көрінісі
бет199/374
Дата02.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#134046
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   374
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

"Сендер (қару, сан және көлік жөнінен дұшпаннан 
өте) аз әрі әлсіз болғанда Аллаһ сендерге Бәдірде жеңіс сыйлады. Олай 
болса Аллаһқа қарсы келуден сақтаныңдар, шүкір еткен боларсыңдар. 
Сол сәтте сен муминдерге: "(Көктен) үш мың періште түсіріп 
Раббыларыңның сендерге жәрдем беруі жеткілікті емес пе?" дедің". 
Сенімді дерек көздерде әңгімелегендей, сол кезде алапат дауыл тұрып, 
адамдар бірін-бірі көруден қалады. Тез басылған дауыл соңы құйынға 
айналады. Тағы бір сәт тына қалған апат үшінші рет қайтадан ұйытқи соғып 
елдің зәре-құтын қашырады. Бұл Жебірейілдің қол астындағы үш мың 
періштенің 
көктен 
түсіп 
ардақты 
Пайғамбарымыздың 
айналасына 


225
орналасуының көрінісі еді. Періштелердің бәрі бастарына аппақ сәлде ораған 
сарбаздар кейпіне енеді, тек Жебірейіл ғана сары сәлдесімен ерекшеленген. 
Бәрінің ауыздығымен алысқан аттары бірыңғай ала түсті болған. 
"Уа, Жаратқан Аллаһ! Уа, жәрдемі шексіз Мансур Аллаһ! Өзің жар 
бол!" деген ұрандармен жауға қарсы ұмтылған сахабалардың ерлігін қанша 
жыр қылып айтса да аз. Әсіресе, Хамза мен Әлидің басқан әр қадамы 
қаһармандық десе қателеспеспіз. Қаһарман Хамза екі қолына екі қылыш 
ұстап жан-жағындағы дұшпанды жайпап салған күйі баса көктеп ілгерілей 
берген. Мүшрік қолбасшыларының көбісі осы екі батырдың қолынан қаза 
тапты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет