Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет198/374
Дата02.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#134046
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   374
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Муғжиза мекен таңдамайды
Қызыл қырғын айқас. Тас, құм, қылыш, садақ, тарс-тұрс, зу-зу, сарт-
сұрт. Екі жақ та өліспей беріспеуге бекінген сол мезетте Аллаһ Расулы 
жерден бір уыс топырақ алып кәпірлер әскерлеріне қарай шашып кеп қалды 
да: 
"Жүздері қарайсын! Уа, Аллаһым! Жүректерін үрей билеп, аяқтары 
дірілдесін!" - деп дұға етті. 
Жаратқанның қолдауымен, әлгі бір уыс топырақ бүкіл мүшріктің көзіне 
кіріп, олар көздерін уқалап әлекке түсті де қалды. 
Құранда бұл оқиға туралы : 
"Оларды сендер емес, Аллаһ өлтірді. Оны (құмды) шашқан да сен 
емес, Аллаһ" 
(Әнфал, 17) деп айтылады. 
Иә, ардақты Пайғамбарымыздың - он сегіз мың ғаламның нұрының 
қолына алған тас қиыршықтары зікір еткеніндей, құм түйіршіктері де 
дұшпанға қарсы бомбаның қызметін атқарып, жауды қиындыққа ұшыратты. 
Шайқас қызған сайын пайғамбарымыз сарбаздардың жігерін жанитын 
ұрандармен әрлі-берлі жүгіріп, арасында Қағбаға қарап дұға жасап 
жалбарынады... Жан-тәнімен берілгендігі соншалықты, иығына желбегей 
жамылған шапанының сусып жерге түскенін де байқамайды. Мұны көрген 
Хазіреті Әбу Бәкір мүбәрак жанның шапанын түскен жерінен іліп алып 
иығына жауып жатып: 
"Уа, 
Расулаллаһ! 
Раббың 
сенің 
мінәжатыңды 
нәтижесіз 
қалдырмайтындығына кәміл сенемін», - дейді. 
Сүт пісірім уақыт өткенде Аллаһ Расулының қуанышты дауысы, 
естіледі: 
"Сүйінші, уа, Әбу Бәкір! Көрмейсің бе, Аллаһтан көмек келді. Анау 
күм төбесінде қаруланып, сайланып тұрған Жебірейіл періште атының 
тізгінін тартып, бұйрық күтіп тұр!". 
Құран Кәрімде Али Имран сүресінің 123-124 аяттарына осы оқиға 
арқау болған. Онда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет