Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет318/374
Дата02.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#134046
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   374
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Дәус тайпасынан көмек
Дәус тайпасы Расулаллаһтың сырттай тілекшісі еді. Тайпаның бас 
шайыры Туфайл ибн Амр хижреттен бұрын Меккеде пайғамбармен кездесіп 
мұсылмандықты қабылдаған. Содан бері халқын хақиқатқа уағыздайтын. 
Хижреттің жетінші жылында Туфайл қасына төрт жүздей мұсылман 
жерлестерін ертіп Мәдинаға, Аллаһ Расулымен дидарласуға келеді. Расул 
Алланың Хайбарды алуға аттанғанын естіген ол шұғыл шайқас болып жатқан 
жерге келеді. 400-ге жуық дәустер Ислам әскеріне қосылып яһудилермен 
соғысады. 
Ислам байрағы - Хазіреті Әлиде
Соғыс жалғасып жатты. 
Екі дүние сұлтаны пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.) бір күні: 
"Ертең ақ байрақты біреуіңе беремін. Ол Аллаһпен Расулының 
сүйіспеншілігіне бөленген жан, өзі де Аллаһ пен пайғамбарын шексіз сүйеді. 
Аллаһ сол арқылы бізге жеңіс нәсіп етеді", - деді. 
Пайғамбардың бұл сөзі сарбаздарды терең ойға жетеледі. Қай қайсысы 
да осынау бақытқа ие болуды армандап, тіледі. Таң атып, таң намазы 
оқылған соң Аллаһ Елшісі (с.а.у.) ақ байрақты алдыртты. 
Демін іштеріне бүккен жауынгерлер "жеңіс жалауын желбіретер кім 
екен?" деген таңданыспен Расулаллаһтың мүбәрак аузынан шығар лебізді 
күтіп сілтідей тынған. 
Расулаллаһ сарбаздарды көзбен шолып өтті де: "Әли қайда?" - деп 
сұрады. 
Кез келгеннің уысына түспейтін ұлы бақыттың иесі белгілі болды. 
Бір қызығы, Хазіреті Әли сол күні көзі ауырып сапқа тұрмаған. 
"Уа, Расулаллаһ, ол көзін аша алмай сырқаттанып жатыр!" - деген 
жауап естілді. 
"Шақырыңдар келсін!" - деп бұйырды Аллаһ Расулы. 
Хазіреті Әли хабарды естісімен Хазіреті Расул Алланың құзырына 
шықты. 
Аллаһ Расулы "Аллаһым! Ыстық пен суыққа төзімді қыл" деп дұға 
оқып, Хазіреті Әлидің көздерін шайдай ашты. 
Сол күннен бастап Хазіреті Әлиге ыстықтың да суықтың да әсері 
болмаған. 
Исламның ақ туы қаһарман сахаба Әлидің қолында. Бүкіл мужаһидтер 
бақытты баһадүрге қызыға қарайды. Тіпті Хазіреті Омардың өзі кейінірек: 
"Өмірімде сол күнгідей қолбасшылықты тілеген емеспін", - деген. 


346
Демек 
Расулаллаһ 
айтқандайын, 
Аллаһ 
пен 
Расулаллаһтың 
сүйіспеншілігіне бөленген жан Хазіреті Әли болып шықты. Хайбарды осы 
қайсар қаһарман тізе бүктіреді. 
Пайғамбарымыз 
Әлиге 
өз 
қолымен 
сауытын 
кигізіп, 
беліне 
Зұлфиқарды байлады да: 
"Аллаһ саған жеңіс нәсіп еткенше шайқаса бер. Кері шегінуші болма", -
деді. 
Жаужүрек батыр Хазіреті Әли осы құрметке лайық еді. 
Ұрыс майданына бара жатып пайғамбардан: 
"Уа, Расулаллаһ мен нені жүзеге асыру үшін кетіп бара жатырмын?" - 
деп сұрады. 
Пайғамбарымыз: 
"Аллаһтан басқа иләһтың жоқтығына, Мұхаммедтің (с.а.у.) Аллаһ 
тарапынан жіберілген пайғамбар екеніне иланғанша дұшпанмен алыса бер. 
Иман келтірсе ғана дұшпан мал-жандарын құтқарып қалады", - деп ары 
қарай сөзін жалғады: 
"Жау қамалына қарай салмақты қалпыңды бұзбастан ілгерілей бер. 
Қорғанға 
жақындағанда 
оларды 
Исламға 
шақыр. 
Мұсылмандықты 
қабылдаса, жауапкершіліктерін түсіндір. Сен арқылы олардан біреуі тура 
жолға келіп, иман етсе, бұл сен үшін теңдессіз байлықтан да артық". 
Хазіреті Әли ақ байрақты Натат қамалының түбіне тікті. Сонан соң 
бекіністегі яһудилерге Исламның көркемдіктерін баяндап, мұсылман болуға 
шақырды. Бірақ яһудилер мойындау былай тұрсын, қасарысып мазақ етті. 
Тағы да ұрыс басталды. Бірнеше дұшпан әскері жер құшты. Өлгендер 
арасында яһуди батыры Мәрхабтың інісі де бар. Мәрхаб қаны қайнап 
жігіттерін ертіп қамалдың сыртына шықты. Үстінде екі қабат сауыт, басында 
екі қабат оралған сәлдесі, екі бірдей қылышы көзге ұрады. 
"Мен 
азулы 
арыстанды 
да 
қылышыммен, 
найзаммен 
жер 
жұттырғанмын", - деп гүжілдеді. 
Оның сырт көрінісі Хазіреті Әлиге шыбын шаққан құрлы әсер етпеді: 
"Мені анам «Хайдар», яғни арыстан деп атаған. Батылдық пен күште 
арыстаннан асып түсем. Сендерді де жермен-жексен тып-типыл етемін", - деп 
қасқая жауап берді. 
Жекпе-жек басталып кетті. Жаңа ғана гүрілдеп айбат шеккен Мәрхаб 
қас-қағымда арыстан Әлидің айбынына қарсы тұра алмай, қанға бөкті. 
Айқасты қалт жібермей қарап отырған Расулуллаһ қуана айқайлады: 
"Шаттаныңдар! Хайбарды алуға аз-ақ қалды!" 
Беттері қайтып қалған болу керек, яһудилер қылыш тигені тигендей 
шойырылып құлап жатты. Хазіреті Әлидің жалғыз өзі сол
 
кезде сегіз кәпірді 
сұлатқан. Ұрыстың қызған сәтінде кенет Хазіреті Әлидің қалқаны жерге 
ұшып түседі. Ойланып тұруға мұрша жоқ Хазіреті Әли жанындағы қамалдың 
қақпасын жұлып алып қалқан қылады. Жеңіске қол жеткенге дейін әлгі зіл 
батпан темір есікті қолынан тастамайды. Шайқас аяқталған соң есік-
қалқанды жерден сегіз адам бірігіп көтере алмаған. 


347
Жеңілетінін сезген яһудилер бытырап қаша бастайды. Хазіреті Әли 
бастаған сахаба жауынгерлер тықсыра қуады. Натат қамалындағы дәрменсіз 
әйел, балаларға тиіспейді. 
Ары қарай Хайбардың екінші қорғаны - Нағимге жылжыған 
мұсылмандар бірнеше дұшпанды осы жерде өлтіреді. Жау беріліп, қамал 
мұсылмандардың қолына өтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   314   315   316   317   318   319   320   321   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет