Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Йамама билеушісін Исламға шақыру



Pdf көрінісі
бет316/374
Дата02.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#134046
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   374
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Йамама билеушісін Исламға шақыру
Йамама билеушісі христиан Хәуза ибн Алиді мұсылмандыққа 
шақырған Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хатын Салит ибн Амр жеткізді. 
"Бисмилләһир-рахманир-рахим. 
Аллаһтың Расулы Мұхаммедтен Хәуза ибн Әлиге! 
Тура жолды таңдағандарға сәлем! 
Уа, билеуші! Менің дінім жақын арада дүниенің шартарабын 
шарлайды. 
Сен де мұсылман бол, тек жақсылыққа қол жеткізесің. Әрі еліңнің 
билігін өзіңе қалдырамын". 
Хәуза бұл шақыруды қабылдай алмайтынын, тағынан тайғысы 
келмейтінін айттып, пайғамбардың елшісінен Аллаһ Расулына хат жазып
қымбат сыйлықтармен қоса беріп жібереді. 
Аллаһ Расулы ел билеушісінің қара басының қамын ойлап барша 
халықты иман кәусарынан мақрұм еткендігі үшін қатты қапаланады. 
Хәуза ибн Әли араға бір жыл салып, күпірліктен арылмаған күйі өліп 
кетеді. 
Осылайша Аллаһ Расулы елшілері арқылы төрткүл дүниеге үндеу 
таратып, екі дүниені қамтамасыз ететін иман атты тылсымнан күллі адамзат 
баласының үлес алғанын қалады... 
Ұлы шақыруды ләм-мим наразылықсыз қабылдаған сол кезеңнің үлкен 
мемлекеті - Хабашстан билеушісі Нәжаши еді. Византия мен Мысыр 
патшасы шақыруды жылы қабылдағанмен дүние салтанатынан бас тартқысы 
келмеді. 
Ал Иран Кисрасы мен Ғассан билеушісі Аллаһ мадақтаған ұлы 
тұлғаның (с.а.у.) хатын аяқ асты етіп, ашуға мінгенмен, бейбақтықты өздері 
тілеп алғандарынан мүлде бейхабар еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет