Пайғамбарымыздың жаназасы
Рәби'уләууал айының он үші, сейсенбі күні таңертең Хазіреті
Мұхаммедтің (с.а.у.) мәйітін жуып, кебіндеу үшін Хазіреті Әли, Хазіреті
Аббас, Фадыл ибн Аббас, Кусам ибн Аббас, Усама ибн Зәйд және
пайғамбарымыздың азат еткен құлы Шукран Расулаллаһтың отауына енді.
Әнсар сахабалар да осынау сауапты да ізгі қызметке араласпақ
ниеттерін білдірген соң Хазіреті Әли олардан сүйекке Әус ибн Хаулиді
кіргізді. Хазіреті Расулаллаһ көзі тірісінде Хазіреті Әлиге "Мен көз жұмғанда
сен жуындыр" деп өсиет еткендіктен Хазіреті Әли қолына шүберекті орап
алып мүбәрак мәйітті жуа бастады. Әус ибн Хаули құмырамен суды жеткізіп
берді, Хазіреті Аббас, Усама және Шукран оны құйып тұрды. Мүбәрак мәйіт
өзіне дейін дүниеден озғандардікінен мүлде бөлек-тін, пайғамбар денесінен
жайылған жұпар иіс сүйекке кіргендерді таң-тамаша қалдырды.
Хош иісті құшырлана иіскеген Хазіреті Әли: "Ата-анам сен үшін
құрбан болғай, уа, Расулаллаһ! Өмірің де, өлімің де тәтті", - дейді.
Мұнан соң Нұрлы Нәбидің мәйіті Хазіреті Әли, Хазіреті Аббас, Фадыл
ибн Аббас және Шукран тарапынан кебінделіп, сол отауындағы тақтай
төсектің үстіне жатқызылады.
408
Достарыңызбен бөлісу: |