Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


ХАЗІРЕТІ ӘБУ БӘКІРДІҢ ХАЛИФАЛЫҚҚА САЙЛАНУЫ



Pdf көрінісі
бет369/374
Дата02.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#134046
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   374
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

ХАЗІРЕТІ ӘБУ БӘКІРДІҢ ХАЛИФАЛЫҚҚА САЙЛАНУЫ
Қимасынан айрылған қала қара жамылған. Халықтың қабағы қату
еңкейген кәрі мен еңбектеген бала да аза тұтып, аһ ұрған. 
Тағдырдың жазуы солай. Дегенмен уақыт оздырмай ес жиып, етек 
жинау қажеттігін түйсінген сайыпқыран сахабалар ендігі жерде өз 
араларынан жетекші сайлауды қолға алды. Мемлекет басшысы халифалыққа 
ең лайық Хазіреті Әбу Бәкір еді. Өйткені сахабаның ең жоғарғы дәрежелісі 
тұңғыш иман кәусарынан ауыз тигендер - Меккеде мұсылмандықты 
мойындағандар болса, олардың ішінде айрықша мәртебелісі РасулАлланың 
жан досы әрі оң қолы Хазіреті Әбу Бәкір болатын. Хазіреті Аббас пен 
Хазіреті Әлидің туысқандық тұрғыдан Пайғамбарымызға ең жақын екендігі 
мәлім болғанмен Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) Хазіреті Әбу Бәкірге дегенде 
шығарда жаны бөлектұғын... Оны ғибратқа толы ғұмырындағы әр қилы 
оқиғалардан байқау қиын емес. Тіпті жалған дүниедегі ақырғы күндерінде, 
сырқаттанып жатып Мәдинадағы құтты пайғамбар мешітіне қарай ашылатын 
қақпалардың бәрін жабуға бұйырып, тек Хазіреті Әбу Бәкір үйінің есігін 
ашық қалдыруды өтінуі - соның дәлелі. Бақилық боларынан үш күн бұрын 
жамағатқа намаз қылдыруды да Хазіреті Әбу Бәкірге тапсырып, Исламның 


407
негізгі шарттарының ең маңыздысы, діннің тірегі намазда күллі 
мұсылмандардың 
имамы 
етіп 
етіп 
тағайындаған-ды. 
Осы 
себепті 
Расулаллаһтан кейін халифалыққа ең лайық сол еді. 
Пайғамбарымыз о дүниелік болған дүйсенбіде асхаб ұзақ кеңесіп, 
талқылап ақыры бірауыздан Хазіреті Әбу Бәкірді Расулаллаһтың (с.а.у.) 
орынбасары, яки халифасы деп шешті. Оған мойынсұнуға серт берілді. 
Рәби'уләууал айының он үші, сейсенбі күні Хазіреті Әбу Бәкір 
пайғамбар мешітіне келіп, жамағаттың алдына - мінберге шықты. Алдымен 
Хазіреті Омар орнынан тұрып Аллаһқа мадақ айтып, шүкіршілік етті де: 
"Аллаһ сіздердің араларыңыздан ең қайырлы кісіге, Расулаллаһтың 
қиын-қыстау кезеңде қолдаушысы болған Сыддық досқа халифалықты нәсіп 
етті. Орындарыңыздан тұрып оған сенім білдіріңіздер", - деді. 
Мешіттегі жамағат дүркірей көтеріліп Хазіреті Әбу Бәкірге сенім 
білдіріп, сөз берді. Мұнан соң Хазіреті Әбу Бәкір бисмилләһпен сөз бастады: 
"Уа, халайық! Мен сіздердің әміршіңіз болып сайландым. Егер 
жақсылық жасасам, тура жолда жүрсем маған жәрдемші болыңыздар, ал егер 
жамандық, қателік жасасам маған тура жолды көрсетіңіздер. Турашыл болу - 
аманат. Жалған - қиянат. 
Уа, жамағат! Аллаһ жолындағы жиһадтан бас тартушы болмаңыздар.
(Жиһад - Аллаһ жолындағы күрес, яғни тек шайқасу, соғысу жолымен емес 
іліммен, насихатпен, жақсы өнегемен Аллаһ үшін, иман жолында жиһад 
жасауға болады.) Жиһадты ұмытқан қауым құрдымға кетерін білгейсіздер. 
Мен Аллаһ пен Оның пайғамбарына мойынсұнсам, сіздер де маған сенім 
білдіріп, айтқанымды тыңдаңыздар. Мен Аллаһ пен Расулына асылық жасап, 
қарсы шықсам, маған ұюдың қажеті де болмай қалады. Өзімді және сіздерді 
Аллаһ ғафу етсін деп тілеймін". 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   366   367   368   369   370   371   372   373   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет