Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет344/374
Дата02.03.2022
өлшемі2,95 Mb.
#134046
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   374
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

ТӘБҮК - СОҢҒЫ ЖОРЫҚ
Хижреттің тоғызыншы жылында Ислам діні Арабстанда кең жайылды. 
Мәдинаға өз еркімен келіп, ру тайпа өкілдері Расулаллаһпен жүздесіп, 
имандылықты үйретуді өтініп жатты. Ислам тарихында бақытты ғасыр 
атанған жетінші ғасырдың ең жемісті кезеңі осы хижреттің тоғызыншы 
жылы. 
Дегенмен мұсылмандардың асқақ мәртебесін, биік абыройын көре 
алмай, қызғанғандар түбегейлі жойылып еді десек, түгел қателесеміз. 
Византия тәрізді сол дәуірдің дүрілдеген қуатты мемлекеті әлі де Исламды 
құртуға дәмелі. Сол ниетпен айнала қолдаушы тайпаларды жинап күш 
біріктірді. Мақсат - қалайда мұсылмандардың қарасын құрту. 


387
Византияның шайқас әзірлігі дер кезінде Мәдинаға жетіп, Расулаллаһ 
сарбаздарын сапқа тұрғызды. 
Әдетте Пайғамбарымыз жорыққа шығарда нақты бағытты алдын ала 
тіс жарып ешкімге айтпайтын. Бұл жолы өйтпеді. Барар жердің 
шалғайлығын, жолшыбай азық-түлік, керек-жарақтардың молынан қажеттігін 
ашық айтып, ұзақ жорыққа барынша әзірленуді бұйырды. 
Мәдина маңындағы мұсылман тайпаларға да хабаршы жіберіп, Аллаһ 
жолында ұрысқа қатысуды шақырды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет