Мектептегі мұғалімнің көшбасшылығы курсының тыңдаушысы Санкибаева Мадина Амангелдиевна. Курстың 1 бетпе бет кезеңінде әріптестермен бірге тізбектелген сабақтар топтамасына жоспар құрып алдық



бет1/3
Дата08.02.2022
өлшемі20,59 Kb.
#118863
түріСабақ
  1   2   3
Байланысты:
Мектептегі мұғалімнің көшбасшылығы курсының тыңдаушысы Санкибаева Мадина Амангелдиевна
v1200008170.26-03-2021.kaz (1), 1541696953, mkt-negzder-tarauy-boyynsha-esepter-shyaru, 1 тоқсан-5 сынып-Дүние, математика, «Мектепке виртуалды саяхат жасау», 11-сынып геометрия Ашық сабақ, Документ (1), 02 Мұғалімге арналған нұсқаулық, жобалау саб, жобалау саб, 5 БЖБ2, fizika-7-synyp-test-sratary-5-nsa..... (1), Adverb

Мектептегі мұғалімнің көшбасшылығы курсының тыңдаушысы Санкибаева Мадина Амангелдиевна. Курстың 1 бетпе бет кезеңінде әріптестермен бірге тізбектелген сабақтар топтамасына жоспар құрып алдық. Бұл жоспар мектептегі тәжірибе кезеңіне бағытталған болатын. Өзімнің тәжірибеме, курс аясында үйренегендеріме сүйеніп математика пәнінен 4 сабаққа арнап орта мерзімді жоспар құрдым. Бұл жоспар маған мектептегі тәжірибе кезеңінде жақсы көмегін тигізді. Жалпы бұрын мен де осы омж ға қатысты күдікті ойлар болатын, бұл неге қажет? Қандай пайдасы бар? Не үшін жоспарлаймын деген сияқты. Ал мектептегі тәжірибе кезінде неге көмегін тигізді, өйткені мен алдын ала қажетті материалдарымды дайындадым, яғни оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерге байланысты, мұнда «Миға шабуыл», «Тірек сөздер стратегиясы», «Ойлан, жұптас, бөліс», «Бірге еңбектенеміз» ойынын, «Ойлан, тап» Джигсо стратегиясын қолдануға байланысты. Одан соң сын тұрғысынан ойлауға үйретудегі ең оңтайлы тәсіл –балаларды өз тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру деген зерттеуге негізделіп сұрақтарды алдын ала іріктелген болатын, яғни Сауда орындарына барғандағы тәжірибеңнен мысал келтіре аласың ба? Онда неге назар аудару маңызды деп ойлайсың? Секілді сұрақтар мен сыни ойлауға жетелейтін түрткі, сынама сұрақтар пайдаланылды.Ал АКТ қашанда мұғалімге көмекші болып саналады, бейнероликтер, суреттерді тиімді таңдау олардың визуалды қабылдауларына көмек бергені айқын.Талантты және дарынды балаларды оқытуда жекелеген тапсырмалар, сызбаны, кестені қолдану ұсынылды. Жас ерекшеліктеріне байланысты бастауыш оқушыларының сөздік қорында 6000-7000 сөз шамасында сөздік қорлары бар, оның ішінде математикалық терминдер азшылықты құрайды деуге болады, сондықтан тірек сөздерді қолдану олардың сөздік қорларының молаюына септігін тигіздіі деп ойлаймын. Өз тәжірибесін сабақта қолдану рәсімдік жадыны еске түсірсе, ал тәжірибесімен сабақта бөліссе ол эпизодтық жадының дамуына үлесін қосатыны сөзсіз, өйткені эпизодтық жады адамның ұзақ мерзімді жадысының маңызды аспектісі болғандықтан сабақта қойылған сұрақтар олардың мықты ойлануына, немесе келешекте сол нәрсені жасағанда есінде қалғанын қолдана алуына пайдасын тигізері анық. Жалпы омж ның тиімділігі ол алдын ала болжам жасау, тиімді тәсілдерді таңдау, шынайы бағалау үшін алдын ала дескрипторды нақты құрастыруға, сыни тұрғыдан ойлануға жетелейтін сұрақтарды сұрыптауда өзінің үлесін қосады.
Қысқа мерзімді жоспар математика пәнінен Есептер шығару деген тақырыптағы тізбектелген сабақтар топтамасының төртінші сабағы. Мұнда бағдарламаның модулдері бір-бірімен ұштасқан тәрізде көрініс берді деген ойдамын. Жалпы модульдер бір-бірімен тығыз байланысты.
Жоспарлауда бұрынғы сабақтарға қарағанда Сұрақтарды іріктеуде, соның ішінде сыни тұрғыдан ойлануға жетелейтін сұрақтарды нақтылап алуда өзгерістер болды. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерден

  1. «Бірге еңбектенеміз» ұжымдық жұмыс

2.Ойлан, тап!
3. «Жақсы дос» жұптық жұмыстары орындалды. Бұл белсенді әрекеттің болуына әсіресе жақсы дос жұптық жұмысы сенімді қарым-қатынас орнатуға көмектесті.
Өмірден алынған тәжірибеге сүйеніп диалог жүргізу арқылы сабақты байланыстыру:
-Дүкенге барғанда неге көңіл аударған маңызды деп ойлайсыңдар? Бұл сұрақтың түрткі болу түрі болса, оқушылардың одан әрі жауаптарына қарай сынама сұрақтар,қайта бағыттаушы сұрақтардың туындауына септігін тигізді, бұл диалог пен қатар сыни тұрғыдан ойлануына, жас ерекшеліктеріне сәйкес өзінің тәжірибесі мен алдыңғы білімдеріне сүййеніп әңгімелесуге жол ашты.
«Мәңгілік Ел» құндылықтарынан Ашықтық-басқалармен бірлесіп жұмыс істеуге дайын болу,ортақ мақсатқа жету деп алынып, балалардың еркін пікірлерін айтуға жетелеу мақсатымен жүрді.

Бағалауда оқушы өзінің нені білу керектігін, не істеу керектігін, қалай істеу керектігін білуі үшін дескриптор қолдану оқушының өзін өзі реттеуіне, ішкі уәжінің оянуына әсер етеді.


Дескриптормен бірге жетістіктер баспалдағы оқушының нені меңгергенін анықтауға көмектесті


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет