Мектептегі мұғалімнің көшбасшылығы курсының тыңдаушысы Санкибаева Мадина Амангелдиевна. Курстың 1 бетпе бет кезеңінде әріптестермен бірге тізбектелген сабақтар топтамасына жоспар құрып алдық



бет2/3
Дата08.02.2022
өлшемі20,59 Kb.
#118863
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Мектептегі мұғалімнің көшбасшылығы курсының тыңдаушысы Санкибаева Мадина Амангелдиевна

Дескриптор:
1.Есептің шартын құрады
2.Шешуін табады
3.Есеп неше амалмен орындалғанын айтады деп құрып алған болсам, жетістік баспалдағына жазып отыруы олардың мақсатқа қаншалықты жақындағанынан айғақ береді.


Атақты қытай философы Ли Цзянь: «Бір көшбасшылар бар, адамдар олардан қорқады,
Бір көшбасшылар бар, адамдар оны жаман көреді,
Бір көшбасшылар бар, адамдар оны жақсы көреді,
Ал нағыз көшбасшы бар, ол жұмысты аяқтағанда адамдар мұны біз жасадық»,-дейді деген екен. Бағдарламаның түйінді идеяларының бірі мұғалімнің әріптестерінің арасында ынтымақтаса жұмыс жасауы болып саналады. Коуч өз мектебіндегі әріптестеріне қажетті дағдылар мен болашаққа деген көзқарастарын дамытуға көмектесу үшін оларды бағыттап және белсенді ынталандырып отыруға мүмкіндік алу мақсатында мұғалімге көмек көрсетеді.(Нұсқаулық, 103-бет) Коучингтер алдын ала жоспарланады яғни кездесулер күні алдын ала белгілі болады. Мен курс аясында коучинг жоспарын құрғанда әлеуметтік желі арқылы байланыс жасап, бағдарламаның жеті модулдері жөнінде өз ойларыммен бөлістім. Әріптестерім талантты және дарынды балаларды оқыту модулі ерекше қызықтыратынын ортаға салды. Содан бастап мен осы модул туралы көбірек ізденуге, теориялық тұрғыдан білуге, оқығанымды тәжірибемде кездестірген тұстарым болды ма дегендей барлығын ойша шолуыма тура келді.Коучингке қатысқан мұғалімдер саны 6, алды 20жыл еңбек өтілі бар, соңы 6 жыл еңбек өтілі бар бастауыш сынып мұғалімдері. Коучинг сабақтың мақсаты:

  1. Талантты және дарынды балаларды анықтауға мұғалімдерге бағыт-бағдар беру

  2. Талантты және дарынды балаларды оқытуда сараланған тапсырмалар дайындауға бағыттау

Коучинг басында әріптестерді ынталандырып алу мақсатында «Күнбағыс» әдісін қолдануды жөн санадым. Әріптестер мұнда біреуі өзі туралы айтқанда барлығы ерекше назар аударады, қолдау көрсетеді. Әріптестерге бұл жағымды атмосфера сыйлады. Топқа бөлу кезінде әріптестерді осы курс аясында үйренген әдісімді қолдандым. Бұл әдісте ортаға екі әріптесті шақырып бала кезінде қалай еркелететінін еске түсіруін сұрадым. Біреуі өзін кішкентай кезінде «Айко» деп еркелетінін, екіншісі «Маралка» деп еркелетінін қуана айтты. Негізінде бұл коучинг дағдыларының бірі тыңдалымға сәйкес келеді десем де болады, өйткені айтушыны мұқият тыңдап отырғанын сезінгенде көңілің көтеріледі. Әріптестерді екі топқа бөліп болған соң топ ережелерін ауызша түрде белгілеп алдық. Ережені әріптестердің өздері ұсынғаны өте жақсы болды. Коучингтің тұсаукесері ретінде «Тыңдайтын үшбұрыштар» стратегиясын қолдандым. Мұнда мұғалімдер үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істеді, спикер мұғалім ұсынған сұрақтарды оқиды, өз ойымен бөліседі, интервьюер мұқият тыңдады, егжей-тегжейін анықтау үшін өз ойын білдіріп оотырды. Хатшы үдерісті бақылап спикерге де, интервьюерге де кері байланыс жасады. Коучинг дағдыларының бірі сұрақ қоя білу. Мұндағы әдісте жетекші сұрақтарды қолдана алдым деп ойлаймын, себебі жетекші сұрақтар рефлексияны талап етеді және мұғалімге өз құндылықтарын, эмоциясын, жағдайға байланысты реакциясын зерделеуге мүмкіндік береді.Қойылған сұрақтарды талқылау кезінде әріптестер өздерінің тәжірибелерімен бөлісе отырып жауап беруге тырысты. Коучингтің мақсатын жариялап бейнежазба ұсындым. Бейнежазбаны көру арқылы:
-Сіздердің тәжірибеңізде осыған ұқсас жағдайлар болды ма?
-Сыныпта дарынды және талантты балаларды қалай ажырата аласыздар?,-деген сұрақтармен одан әрі жетелеуге тырыстым. Коучингтің мақсатының бірі: «Талантты және дарынды балаларды оқытуда сараланған тапсырмалар дайындауға бағыттау». Екінші мақсатқа қол жеткізу үшін «Таза тақта» әдісін және «Қызықты тапсырмалар жинағы» әдісін қолдануды шештім. Бұл шешімге әріптестер санын есепке алсам, екіншіден олардың белсенділіктерін одан әрі арттырғым келді. «Неге,неге, неге?» әдісін бірден ауыстырып өзгеріс енгізуім де осы себептен болды. Әріптестер шынымен де мұнда өте белсенді әрекет жасап қатысты. Коучинг сабақты жүргізуден алдын мен де толқу болатын, қалай болады, не істеймін деген сұрақтар мазалаған. Дегенмен коучингтен кейін мен де қуаныш сезімі, сенімділік сезімі болды. Бастысы менің қолымнан келеді екен деген қуаныш, сенімділік сезімдері алға қадам жасауыма үлесін қосарына сенімдімін. Коучингтің соңында күткен нәтижелерім орындалды. Коучинг өткізуде тренердің мол мұғалімдік тәжірибесінің болуы аса міндетті емес, сонымен қатар, оқыту мен оқудың белгілі бір саласы бойынша нақты тәжірибелік дағдыларды үйретуге бағытталған (Нұсқаулық, 104-бет) дегенге сүйенсем, коуч ретінде ешқандай тәжірибем болмаса да бұл жұмысты одан әрі алып жүре алатыныма сенімді болдым.
Тәлімгерлік-ұзақ уақытқа созылатын, тәлімгер мен тәлім алушы арасында сенімді, тұлғаның мүдделеріне бағытталған қарым-қатынас құру үдерісі. (Нұсқаулық, 105-бет) Тәлім алушым А.А 6 жыл еңбек өтілі бар мұғалім, үйренуге деген құлшынысы жоғары. Бағдарламаның түйінді идеяларымен таныстырдым. Сабақта қолдануға болатын курс аясында үйренген әдіс-тәсілдеріммен бөлістім. Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау туралы көбірек білгісі келетінін есепке алып өзімен кеңесе отырып тәлімгерлік жоспарын жасақтадым. Кеңес алу мақсатын тәлімгермен келісу және бағыттау арқылы тәлім алушы белгілейтінін есепке алып, тәліппен бейресми сұхбат аясында оқу үшін бағалау және оқуды бағалау модулін әңгіме барысында таныстырдым. Әңгімеден соң бағалауға байланысты презентациямен бөлістім, нақты бағалау жүргізу үшін мұғалімнің қара жәшік ішіндегі жұмысын айттым.Тәліпке дескриптор құрудың үлгілерін ұсындым.Тәлім алушыны сабағыма қатыстыру және өзім де оның сабағына қатысу мақсатында құрылымдалған бақылау кестесін құрып алдым және тәлім алушыға ұсындым. Тәліп менің сабағыма қатысып өзінің көргендерін қағаз бетіне түсіріп берді. Бұл бойынша кері байланыс транскриптін қысқа түрде жазып алдым. Карантин енгізілгенде біздің жоспарлаған жұмысымыз орта жолда қалды. Сондықтан жоспардың біраз жұмысы жасалғанымен қыркүйек айына қайта күндерін өзгерттім, өйткені әлі де жұмысымызды қайта бір шолу жасау қажет болды. WhatsApp желісі арқылы байланыс жасап отырдық. Тәлім алушының ZOOM- мен өткізген сабағына қатыстым. Бұрынғыдан біраз өзгерістер барын байқадым, өйткені алдыңғы сабақта дескрипторды сабақ соңында құрастырса, бұл сабағында алдын ала ұсынды. Сондағы өзіме түйгенім дескриптордың сабақтан нені білу керек, нені біледі, нені жасай алады деген ұғымды оқушыда қалыптастырып өзін реттеуге жетелейді екен. Бұған тәліптің де көзі жетіп сенімділігі артты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет