Дамира Өмірзаққызы Ибрагим



Pdf көрінісі
бет21/276
Дата17.02.2023
өлшемі2,95 Mb.
#169146
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

Әбдімүттәліптің түсі
Арадан ұзақ жылдар өтті. Әбдімүттәліп Құрайыш тайпасының 
басшысы болып тағайындалады. Жаздың аптап күндерінің бірінде Қағба 
маңындағы Хижр деген жерде көлеңкеде демалып жатып, көзі ілініп кетіп, 
түс көреді. Түсінде бір адам оған: 
"Тұр жылдам, Таибаны қаз!" - деп бұйырады, "Таиба не?" - деп сұрап 
үлгергенше әлгі адам ғайып болады. 
Оянған соң Әбдімүттәліп түсін неге жорырын білмей дал болады. 
"Таибасы несі екен? Оны қазу керек дегені несі?" - секілді сан сұраудың 
шырмауында қалады. 
Ертесіне тағы да сол жерде көз шырымын алмақ болады. Сол-ақ екен 
түсінде кешегі кісі: 
"Тұр, Бәррені қаз!" -деп мазалайды. "Бәрре не?" - деген сауалы тағы 
жауапсыз қалады. 
Үшінші күні дәл сол жерде жатып, сол түсті қайта көреді. 
Бұл жолы аян беруші: 
"Тұр, Мәднунені қаз!"-дейді де жоқ боп кетеді. 
Әбдімүттәліп үш күн қатарынан көрген түсінің астарындағы сырды 
шеше алмай әбден басы қатады. Өз ойымен әуре боп төртінші күні сол жерге 
тағы да жантая кетеді. Бұл жолы түсінде аян беруші: 
"Зәмзәмді қаз!" - деп бұйырады. "Зәмзәм дегеніңіз не? Ол қайда?" - деп 
бастырмалата жөнелген Әбдімүттәліп мынадай жауап есітеді: 


28
"Зәмзәм - еш бітпейтін, азаймайтын түпсіз терең тұнық құдық. 
Қажылардың су мұқтаждығын сонымен өтерсің. Оның көзі - Қағбада 
құрбандыққа шалынған малдардың қаны төгілген жер мен терілері көмілген 
жердің арасында. Сол екі араны ден қойып қадағала. Күндердің күнінде ала 
қанатты бір қарға сол жерді шұқығанын көрерсің. Сол маңда құмырсқа илеуі 
де бар." 
Әбдімүттәліп үлкен бір іс тындырғандай боп оянады. Қуанышы 
қойнына сыймайды. Зәмзәм құдығы жөніндегі бірталай әңгімені бұрын да 
көп естіген. Бірақ оның орнын нақты білетін ешкім болмаған соң сол күйі 
ұмытыла бастағанды. Ертеректе Меккені жау шапқанда жергілікті халық 
Қағбаның бар байлығын Зәмзәм құдығына тастай қашқан. Сол заманнан бері 
Зәмзәмнің аты бар да, заты жоқ боп қалған екен. 
Әбдімүттәліп Зәмзәмнің көзін тауып ашу міндеті өзіне жүктелгенін 
іштей түйсінген-ді. Уақыт оздырып жатпастан белгі берілген жерге келді. 
Дәл сол сәтте ала қанатты қарғаның көктен құлдилай келіп қонғанын
тұмсығымен бір жерді шұқып, қайта ұшып кеткенін көреді. Ұзақ жылдар 
бойы құпия боп, ұмытылған тіршілік көзін тауып, көпшілік қажетіне ұсыну 
бақытына ие болған Әбдімүттәліп балаша қуанады. Құдықты қайта қазуға 
асыққанмен бір Аллаһтан басқа өзіне ғана мәлім құпияны жан баласына 
сездіргісі келмейді. Ертесіне жан дегенде жалғыз ұлы Харисті қасына ертіп 
белгіленген жерге барады да, қаза бастайды. Біраз қазған соң дөңгелек 
пішінді құдықтың аузы, тастан өрілген қабырғасы көріне бастайды. 
Әбдімүттәліп өз көзіне өзі сенбейді. 
Әбдімүттәліптің әрбір қимылын көзден таса қылмай бақылаумен 
болған құрайыштықтар әу баста аса мән бермегенмен, жеме-жемге келгенде 
қарап қала алмай ақсақалдарына хабар бергізеді. Құрайыштың үлкендері 
құдық қазылып жатқан жерге келіп: 
"Ей, Әбдімүттәліп! Бұл - біздің атамыз Ысмайылдың құдығы. Мұнда 
біздің де үлесіміз бар. Бұл іске біз де ортақ болайық, жұмыла көтерейік", - 
дейді. Әбдімүттәліп: 
"Бұл шаруаға ешкімді де араластыра алмаймын, өйткені бұл міндет 
тікелей өзіме жүктелді", - деп келіспейді. 
Әрине, оның бұл жауабы құрайыш ақсақалдарына ұнамайды. 
Араларынан Ади ибн Нәуфал суырылып шығып: 
"Сен кіміңе сеніп бізбен салғыласасың? Жалғыз ұлыңнан басқа тігерге 
тұяғың жоқ екенін ұмыттың ба?" - дейді. Оның сөздеріне ызаланған 
Әбдімүттәліп: 
"Сен, немене, менің жалғыздығымды бетіме басқың келе ме? - деп 
ашуға булығып бір сәтке үнсіз қалады да, көкке алақанын жайып: 
"Уа, құдіреті күшті Аллаһым! Мені жарылқап он ұл берер болсаң, 
біреуін дәл осы Қағбаның жанында сенің жолыңа құрбан етер ем. Антым - 
осы. " - деп айтып салады. 
Оқиға мұнымен бітпесі айтпаса да түсінікті еді. Жағдайлар шиеленісе 
түсті, ел ішін алауыздық жайлады. Әбдімүттәліп құдық қазуды уақытша 
доғарып қойып, мәселені шешуді хакімге
(Қазы, үкім шығарушы)
тапсыруға ұсыныс 


29
жасайды. Оның бұл ұсынысы қабыл болып, Шамда тұратын Саад ибн Хүзейм 
есімді хакім таңдалады. 
Қасына әкесімен туыс ағаларын ертіп, бір топ құрайыштықтармен бірге 
Әбдімүттәліп Шамды бетке алып жолға шығады. Жолдың ортасына келгенде 
бұлардың ауыз суы таусылып, аптап сахарада үлкен қиындыққа ұшырайды. 
Шетсіз-шексіз шөл далада су іздеу сағымның соңынан жүгіргенмен бірдей 
екенін білетін Әбдімүттәліп және оның ағайындары құрайыштықтардан 
жәрдем сұрауға мәжбүр болады. "Суымыз өзімізге ғана жетеді" - деген қатал 
жауаптан соң бұлар тіпті сасады. 
Әбдімүттәліп ұшы-қиырсыз шөлде тұрғандықтарына қарамастан су 
іздемекке белін бекем буады. Ішкі жанайқайы «Ізде, іздесең табасың» 
дейтіндей болады да тұрады. Сол сезімнің жетегіне еріп байыз таппаған ол 
түйесінің жатқан жеріне келеді. Түйесін айт шулеп тұрғызған сәтте өз көзіне 
өзі сенбейді, жануардың аяғының түбінен жылт-жылт еткен суды көреді. 
Қуаныштары қойнына сыймаған олар аяқ астынан қауқылдасып мәз 
болысады. Әбдімүттәліп су көзін қылышының ұшымен кеңейтіп ашқан 
сайын су молая түседі. Бір жұтым суды қимаған құрайыштықтар да бұл 
оқиғаға таңғалысады. Әбдімүттәліп пен оның жолдастары мөп-мөлдір судан 
айыздары қанғанша ішіп, жануарларын да суарып мәре-сәре болады. Сонан 
соң құрайыштықтарға қарап: 
"Келіңдер, сендердікі не тұрыс? Жаратқан бізге су берді. Қанып 
ішіңдер, көліктеріңді суарыңдар", - деп айқайлайды. 
Құрайыштықтар аң-таң боп, қысыла-қымсына жақындап, суық судан 
рахаттанып ішіп, түйелерін суарып, ыдыстарындағы ескі суларын төгіп, 
жаңалап алады. Мұнан соң өз қателерін түсінген олар әп-сәтте өзгеріп сала 
береді. 
"Ей, Әбдімүттәліп, саған тағар кінәміз, артар айыбымыз жоқ. Мұнан 
былай Зәмзәмді қазуға тек сен лайықсың. Еш таласымыз жоқ. Хакімге де 
бармай-ақ қояйық - деді олар өкінген кейіппен. Сөйтіп, олар хакімге 
бармастан жарты жолдан Меккеге қайтып оралады. 
Меккеге келген соң Әбдімүттәліп ұлы Хариспен бірге Зәмзәмді қазып, 
азғана уақыт ішінде халықтың қызметіне ұсынады. Ол кезде Әбдімүттәліп 
нағыз қамал алар шағында. 
Арадан зулап отыз жыл өте шығады. Аллаһтың құдіретімен 
Әбдімүттәліптің ұлдарының саны онға жетеді. Қартайған Әбдімүттәліптің 
ойына мұнан көп жыл бұрын Аллаһқа берген анты оралады: серті бойынша 
ұлдарының бірін Қағбада құрбандыққа шалуы ләзім-ді. 
Ұлдарының қай-қайсысы да ақылына көркі сай, бірінен-бірі өткен 
айбарлы да, ажарлы боп өсіп келе жатады. Әсіресе, он ұлдың сегізіншісі 
Абдуллаһ ерекше-тін. Тән сұлулығында да, жан сұлулығында да басқа 
бауырларынан өзгешелігі мен мұндалайтын. Өйткені дүниеге келген сәтінде 
әкесінің маңдайындағы аманат нұр соның маңдайына көшкен болатын. Осы 
нұр бет-әлпетін ерекше ажарландырып, сүйкімді ете түсетін. Алайда ешкім 
бұл әдеміліктің сырын білмейтін-тұғын. 


30


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   276




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет