277
биыл Меккедегі құрғақшылық бізді әбден титықтатты. Сол себептен
Мұхаммедтің (с.а.у.) әскерімен айқасқымыз келмейді. Өйткені ұрысқа
шыққанман олардың батылдығын арттыруға себеп боларымыз кәміл. Сен
келген ізіңмен кері қайтып, мұсылмандарға менің қалың қол жинап келе
жатқанымды айтып бетін қайтарсам деп едім. Көмегің үшін жетпіс түйе
беремін",-дейді.
Нуайм Мәдинаға келген соң оңай олжаға қарық болудың қамына
кірісті. Құрайыш мүшріктерінің жер қайысқан қолмен Бәдірге келе жатқанын
айтып мұсылмандарға хабар береді. Күтпеген жағдайдан тартынып қалған
мұсылмандардың арасынан екі ойлы болғандар да болды. Мұндайларды
көргенде яһудилер мен мунафиқтар малақайларын аспанға атып қуанды.
Әбу Бәкір Сыддық пен Хазіреті Омар бұл жайттарды дереу сүйікті
Пайғамбарымызға жеткізді. Аллаһ Расулы алған бетінен қайтпады:
"Құдіретіне табынатын Аллаһыма ант етемін. Сөз берген жерге
барудан бас тартып, Мәдинадан тірі жан шықпаса да, жалғыз өзім аттануға
дайынмын".
Батылдыққа толы байлам мұсылмандарды да жігерлен-дірді. Алламың
жәрдемімен көңілдерін күпті еткен күмәнді ойдан арылып шыға келді.
Кейінірек белгілі болғандай, Меккеден шыққан Әбу Суфиан қолы
Мәжинна деген жерге дейін келіп, ілгерілеуге батылы жетпей сарбаздарының
көптігіне қарамастан, кері қайтқан.
Достарыңызбен бөлісу: