Ұлттық телеарнасы
«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ құрамына кіреді. 1958 жылы ірге көтерген телеарна алғашында 5 сағаттық хабар тарата бастады. Содан бері телеарнаның техникалық әлеуеті жыл сайын ұлғайып, 1987 жылы телетаратылым бойынша одақтас республикалар арасында төртінші, көркем және деректі фильмдер өндірісі бойынша екінші орынды иеленді.
Бүгінгі таңда телеарнаның техникалық әлеуеті республика аумағының 100 пайызына жуық, көршілес Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Моңғолия және Шыңжан-Ұйғыр автономиялы ауданы өңірлеріне хабар таратуға мүмкіндік беріп отыр. Сондай-ақ, заманауи телетаратылымның барлық талаптарына сай.
Қазіргі таңда Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін салтанатты жиындар, телекөпірлер, спорт түрлерінің ең маңызды матчтары Ұлттық телеарнаның техникалық қолдауы арқылы өткізіледі.
Бүгінгі таңда Ұлттық арна эфирінде әртүрлі жастағы көрермендерге арналған жаңалықтар мен ерекше ток-шоу жанрлары, ойын-сауық және танымдық бағдарламалар, қоғамдық-саяси, экономикалық хабарлар, сондай-ақ, мемлекеттік тілді дамытуға негізделген жобалар көп.
Телеарна алғаш 1990 жылы таңбаланды. Арнаға сол кезде киіз үй пішіндес, ортасында 1 саны бар логотип басылды. Сөйтіп, арна «Қазақстан-1» деп аталды. Ал, 2002 жылдан салт атты адамның бейнесі бедерленіп, төменгі жағында «Қазақстан» атауы петроглиф жазуымен берілді.
2002-2006 жылдары арна атауы Күлтегін ескерткішіндегі құнды мұраға ұқсап таңбаланды. Ал, бұған дейін 14 өңірдегі филиалдар әртүрлі аталып келсе, кейін бір қалыпқа түсті. Мысалы, «Қазақстан-Жамбыл», «Қазақстан-Қостанай», «Қазақстан-Ақтау» деп аталды.
2006 жылы қошқар мүйіз оюлы көк-сары түсті дөңгелек логотип жасалды. Ал, 2011 жылы «Қазақстан» таза қазақтілді жалғыз арнаға айналды. Логотип ұлттық оюын анық, бояуын қанық етіп жаңарды.
Ал, 2014 жылы телевизия өңі түбегейлі өзгерді. Ребрендинг жасалды. Медиақұрылым логопиті Тәуелсіздікпен үндес, көк Тумен үйлес болып, өзгерді.
2017 жылы медиақұрылымның атауы латын қарпіне көшірілді. Корпорацияның өңірлердегі отаулары да өзгеріссіз қалмады. Филиалдар төл, тарихи жер атауларымен аталды. Сонымен қатар, кей облыстардағы телеарналар қазақша атауларға алмастырылды. Мысалы, Петропавл – «Қызылжар», Павлодар – «Ертіс» және Орал – «Ақжайық», Өскемен – «Алтай» болып өзгертілді.
Телеарна 2012 жылдың 24 желтоқсанында Астана қаласындағы «Қазмедиа орталығынан» хабар тарата бастады.
телеарнаның 2006-2012 жылдардағы логотипі.
телеарнаның 2012-2012 жылдардағы логотипі.
телеарнаның 2014-2017 жылдардағы логотипі.
телеарнаның 2017 қазіргі уақыттағы логотипі.
- «Екі жұлдыз» - «Қазақстан» ұлттық телеарнасында көрсетілетін шоу бағдарлама. Жобаның мақсаты алуан түрлі салада белгілі болған тұлғаларға ән айтқызу. Жоба жарыс түрінде жүреді, әр жұптың бір мүшесі кәсіби әнші болуы міндетті.
- «Қазақтың жүз әні» жобасы – еліміздің ән мұрасын бір жүйеге келтіру мақсатында қолға алынып отырған соңғы онжылдықтағы алғашқы ауқымды талпыныс. Ол бірнеше кезеңнен тұрады.
- «Қазақстан дауысы»[
- «Айтуға оңай...» ток-шоуы - көпшіліктің көңілінен шыққан Ұлттық арнаның әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының бірі. Тележоба 2012-2017 жылдар аралығында эфирге шықты. Бағдарламаны танымал журналист Бейсен Құранбек жүргізді
- «Қарекет»
- «Сенбілік таң»
- «Түнгі студия» «Qazaqstan» телеарнасының танымал тележобаларының бірі. Бағдарлама жүргізушісі - қазақстандық продюсер, тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев (одан кейін актер Қайрат Әділгерей) болды.
- Егіз лебіз - танымал әншілер мен өзге саланың майталмандары ән айтып қана қоймай, ең мықты жұп ретінде жеңіске жетуге талпынатын жоба. Жоба жеңімпаздары қазылар арқасы мен көрермен дауысы арқылы анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |