292
Арадан жиырма күндей уақыт өтті. Сырқатым тәуірленіп, бойымды
жаза бастағанмын.
Ол кездері біз иісінен жиіркенгендіктен әжетханалар үйден аулақта
Мәдина қырларында болатын. Әйелдер түнде де қырға шығып әжетке
отыратын.
Бір күні мен Мыстах ибн Усасаның анасымен еріп әжетханаға шықтым.
Мыстахтың анасы етегіне шалынып құлап түсті де тұрып жатып
"Жалпасынан түскір Мыстах жетпей желкең үзілсін!",- деп баласын қарғады.
Мен таң қалып:
"Апа-ау, өз балаңды қарғағаның не?"- дедім. Ол үн қатқан жоқ. Біраз
жүрген соң ол тағы шалынып құлады, бұл жолы да "Жетпегір Мыстах,
жалпаңнан түскір!"- деді.
"Апа-ау, ұлыңды қарғағаның болмады",- дедім.
Ол жауап берген жоқ. Қырсыққандай қасымдағы әйел үшінші рет
шалынды тағы да "Жерді сүзе құлағыр Мыстах"-деді. Мен шыдамай:
"Апа, неге үздіксіз балаңды қарғап келесің? Бәдір соғысына қатысқан
жауынгерді қарғауға қалай тілің барады?"- дедім.
Сонда барып: "Ұлымның сен туралы айтқан жаласы есіме түскен сайын
қарғыстан басқа ештеңе айта алмаймын",- деді.
"Ол мен туралы не айтып жүр?"- деп сұрадым дегбірсізденіп.
Мыстахтың анасы жалақорлардың ойдан шығарғандарын бүге-
шүгесіне дейін әңгімелеп берді. Қиналып-қыстыққаным сондай, дәрет
сындыруға әлім жетпеді. Жазықсыз жалаға ұшырағаным үшін жылай-жылай,
көзім қарауытып, өксіктен өкпем өше жаздады.
Достарыңызбен бөлісу: