Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


ХАЗІРЕТІ АЙШАҒА ЖАБЫЛҒАН ЖАЛА



Pdf көрінісі
бет196/276
Дата17.02.2023
өлшемі2,95 Mb.
#169146
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

ХАЗІРЕТІ АЙШАҒА ЖАБЫЛҒАН ЖАЛА
Сырт көзге иманды болып көрініп, ішкі пиғылдары қараниеттілікке 
негізделген мунафиқтардың бар мақсаты -Пайғамбарымыз (с.а.у.) бен 
мұсылмандарға зиян шектіру. Сол мақсаттары жолында аянбай - талмай 


290
тыраштанатын. Тіпті Пайғамбарлар Сардарының(с.а.у.) ақ некелі пәк 
зайыптарына күйе жағып, кір келтіргендерімен қоймай, нас әрекеттеріне 
масаттанатын. 
Ислам тарихында Айша анамызға бас мунафиқ Абдуллаһ ибн Үбәй 
тарапынан жабылған жала оқиғасы жан-жақты түсіндіріледі. Оған қатысты 
Құран аяты да түскен. Оқиға былай болған. 
Айша анамыздың баяндауына сүйенсек, Расулаллаһ қайсыбір жорыққа 
шыққанда әйелдері арасында жеребе тастап, кімге шықса, соны ерте жүрген. 
Мусталық жорығында кезек Айшаға түседі. 
Оқиғаны Айша анамыздың өз аузынан тыңдайық: "Расулаллаыіен бірге 
сапарға шыққанмын. Бұл кезде әйелдердің жабық, шет көзден жасырын 
жүріп тұруы жайында аят түскен. Сол себепті мені түйеге қоршау ішінде 
әкеліп, сол күйі қызметшілерім жерге түсіретін. Содан не керек, осы 
жорықтан қайтар жолда Мәдинаға жақын бір жерде қолбасшының әмірімен 
тоқтап, сарбаздар тынықты. Түн ортасы ауған шақта сарбаздарға жолға 
жиналуға бұйрық берілді. Бұйрық берілген сәтте мен әжет сындыру үшін 
оңаша жерде едім. Асығыс қайтып келгенімде мойнымдағы Йемен көз 
моншағынан тізілген алқаның түсіп қалғанын көрдім. Оны анам Үммү Руман 
тойыма сыйға тартқандықтан мен үшін аса қымбат еді. Әжет орнына қайта 
барып келгенімше мені түйе үстіндегі қоршаудың ішінде деп ойлап 
қызметшілер түйені айдап кете барыпты. Алқамды іздеп жүріп, әрең тауып 
қайтып келсем, әскерлер ұзап кетіпті. Түйемнің шөккен орнына келіп, сырт 
киіміме оранған күйі қисайып жата кеттім. Менің жоқ екенімді көргенде 
қайта келер деп ойладым. Сөйтіп жатып көзім ілініп кетіпті. Әрдайым жорық 
тұсында жолай қонған жерлерді артынан бақылап, тексеруге тағайындалған 
Сафуан ибн Муаттал деген адам бар еді. Сол Сафуан міндетін орындамаққа 
әскер демалған жерге келгенде ұйықтап жатқан мені көріп, таниды. Өйткені 
сырт көзден жасырынып жүру жайында аят түскенге дейін мені көрген кісі 
еді. Сафуан мені көрген сәтте сасқанынан: 
"Инна лиллаһ уә инна иләйһи ражи'ун" (Біз Аллаһтан келдік және оған 
қайтып ораламыз),- дейді. Оның дауысынан шошып оянып, киімімді 
түзелткен болдым. Уаллаһи, онымен бір ауыз тіл қатысқан жоқпыз. Тек 
жоғарыдағы айтқанын ғана есіттім. 
Сафуан түйесін шөктіріп "мін" деді маған. Мен атып тұрып, түйеге 
міндім. Мұнан соң түйенің бас жібінен жетектеген күйі әскерлерге жету үшін 
жылдам ілгерілей берді. Таң атқанша қуып жете алмадық. 
Ақыры сарбаздар демалғалы тоқтаған кезде үлгердік". 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   276




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет