329
"Ә, бәсе қаупім бекер болмады-ау", - деп алға басқан аяғым кері кетіп
Аллаһ Расулының жанына жеттім.
Сәлем беріп едім, алды. Жүзі мейірленіп
күлімсірей қарсы алды.
"Уа, Хаттабтың ұлы! Маған бір сүре уахи болды, ол Мен үшін
дүниедегі бар нәрседен қымбат", - деді де: " (Худайбиядағы
бейбіт келісім
арқылы) Біз сені шын мәніндегі ашық, айқын жеңіске жеткіздік!..." деп
келетін аятты оқыды".
Мұсылмандардың қаупі
Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.у.) Фәтх сүресі түскен сәтте
мұсылмандардың бойын үрей билегені де рас. Худайбиядағы келісімді іштей
жақтамаған олар кезекті уахидің осыған қатысты боларынан қауіптенді.
Сол кезеңді Мүжәмми' ибн Жарияның аузынан тыңдасақ.
"Халық қорқа-қорқа Расулаллаһтың қасына
жолауға бата алмай бет-
бетімен кетті. Қатер біреу - Расулаллаһқа түскен уахи.
Не де болса басқа түскенді көрейік деп амалсыздан бірнеше кісі Аллаһ
Елшісіне жақындадық. Бірте-бірте өзгелер де жиналды. Расулаллаһ (с.а.у.)
жиналған көпшілікке қарап: «(Худайбиядағы бейбіт келісім арқылы) Біз сені
шын мәніндегі ашық, айқын жеңіске жеткіздік!...» деп келетін Фәтх сүресінің
аятын оқыды.
Сахабалардың бірі: "Уа, Расулаллаһ! Мүшріктермен арадағы келісім біз
үшін жеңіске апарар жол болғаны ма?" - деп сұрады.
Расулаллаһ: "Әлбетте, құдіретті Аллаһқа ант етіп айтамын, бұл келісім
- міндетті түрде жүзеге асатын үлкен жеңістің бастауы", - деді де жолға түсті.
Жолай сахабалардың бірі:
"Бәйтуллаһты тауап ете алмадық, құрбан малымызды Қағбаның
маңында бауыздаған жоқпыз. Одан қалса мұсылман
болып бізді паналап
келгендерді Расулаллаһ өз қолымен мүшріктерге қайтарды. Бұл қандай
жеңіс?" - деп ішкі күмәнін жеткізді.
Пайғамбарымыз бұл сөзді жақтырмағанын білдірді де:
"Худайбия келісімі - жеңістің нақ өзі.
Мүшріктер өз мекендеріне біздің кіруімізге рұқсат берді. Жай ғана
рұқсат емес, бас амандығымызға кепілдік алдық.
Олар бұрын тыжырына қарайтын Ислами
ғұрыптарды да бірте-бірте
сіздерден көріп, үйренеді.
Аллаһ сіздерді жеңіске жеткізеді, барған жерлеріңізден аман-сау,
табыспен оралуды әлі-ақ нәсіп етеді.
Ұлы жеңіс деген осы емес пе?" - деп аяқтады.
Сахабалардың
көңілі жайланып, "Аллаһ пен Оның елшісінің айтқаны
хақ. Бұл келісім - жеңістердің ұлысы.
Уа, Расулаллаһ! Біз сен сияқты ойламап едік.
Алланың әмірлерін бізден гөрі, әрине, Сен нақты білесің",
- деп
мойындады.
Бір айға созылған сапар сәтті аяқталды. Пайғамбарымыз асхабымен
бірге Мәдинаға келгенде зилхижжа айы туған-ды.