252
Ислам әскерлерінің қай-қайсысы жауды жағадан алып ерлікпен
шайқасып жатты.
Соғыстың алғашқы аяқ алысы осылай, мүшріктер мужаһидтердің
қайыспай шарпысып, қаржасып шайқасуынан іркіліп тосыла бастады. Келген
іздерімен, беталды қашқандар да бар. Мүшрік әйелдері болса ерлерді
жауынгерлікке үндеп ән айтып, қашқандарды қайтарып әлекке түсті.
Батылдық бастауы - иманнан мүлде мақрұм көңілдерге дабыл да, ұран
да, жыр да әсер етпесі хақ, құрайыш әскерлері жан сауғалап қашуды
тоқтатпады.
Алғашқы майдан мужаһидтердің ерлігімен, барын бағамдай алмаған
мүшріктердің асып-сасуымен нәтижеленді.
Ислам әскері қатарынан бірінші шейіт болған Абдуллаһ ибн Амр ибн
Харам есімді сахаба.
Ұлы Жабирдің айтуынша, Ухуд шайқасына шығарда марқұм әкесі
баласына:
"Кім біледі, Ухуд күні тұңғыш шейіт болармын, бәлкім. Олай-былай
боп кетсем, қарындастарыңа бас-көз бол, қарыздарымды өте",-деп өсиет
айтыпты. Аллаһ сездірді ме екен, әлде?
Достарыңызбен бөлісу: