253
Қашқаны қашып, қалғаны құлап, сүріне-қабына тарап жатты.
Пайғамбарымыздың жанында он-он бес сахаба қалған. Олар бар күшімен
мүшріктердің оғына да, қылыш соққысына да кеуде керіп Болмыстың
падишасын(с.а.у.) құтқаруға, қолдан келгенше қалқан болуға тырысты.
Кәпірлердің лақтырған бір тасы Расулаллаһтың оң жақ астыңғы тісін
сындырып, тісті шейіт етті. Маңдайы жарылып, мүбәрак ерні қанады.
Абдуллаһ ибн Қалша есімді кәпірдің қылышы бет сүйегіне жара салды.
Соққының салмағынан бет-аузын түгел тұмшалаған темір бас киім екіге
бөлініп, мүбәрак жүзіне сызат түсірді.
Сүйікті пайғамбарымыздың мүбәрак жүзіне темірдің кіргенін көрген
Әбу Убайда ибн Жәррах оқша атылып Расулаллаһтың қасына келді, Әбу
Бәкір Сыддыққа:
"Уа, Әбу Бәкір! Аллаһ үшін Расулаллаһ пен арамызда түрма, мына
темірді шығарғанша ары түр!"-деді де тісімен жұлып алды. Тістерінің
сынғанына қарамады да.
Малик ибн Синан Пайғамбарлар Сұлтанының жүзінен тамшылаған
қанды тазалады. Сол сәтте Аллаһ Елшісі (с.а.у.):
"Қаным қанына тиіп, араласқан адам тозақ отынан аулақ болады",-
деген.
Мүшріктер мұсылмаңдарға ор қазып қойған-ды. Әскерлер басы ауған
жаққа тырақайлаған сындарлы сәтте байқамай Мұхаммед (с.а.у.) әлгі орға
құлап кетеді. Шұңқырдың айналасын қоршалап алған мужаһидтер жау
әскерін маңайлатпай қояды да, бет-аузын қан жуған пайғамбар қолбасшыны
әупірімдеп шұңқырдан шығарып алады. Бетінің қанын сүртіп тұрып ардақты
Пайғамбарымыз:
"Өздерін Раббыларына иман етуге шақырғаны үшін пайғамбардың бет-
жүзін қанмен жуған қауым қалайша жақсылыққа қол жеткізбек?"-деп
көңілдегі күпті ойды ақтарғаны бар.
Сүйікті елшісінің бұл күйзелісінен соң Ұлы Жаратушыдан аят түсті.
Онда былай делінген:
Достарыңызбен бөлісу: