284
бір сарбаз шейіт болады. Мусталықтардан 200-ге жуық тұтқын, ат, түйе, сиыр
- малдай олжа алынады. Түскен олжаны принципті түрде бөлістірген соң,
тұтқындар да үлеске беріледі. Мурайси құдығы басында жүзеге асуы себепті
бұл жорық Мурайси жорығы деп аталады.
Жорық біткен соң мужаһидтер Мурайси маңында бірнеше күн
тынығады. Бұрын да айтылғандай, бұл жорыққа көп мунафиқ қатысады.
Мәліметтерге жүгінсек, бұған дейінгі жорықтарда мунафиқтар саны
мүншалықты көп болып көрген емес. Мақсаттары - қатарлары толыға түскен
мұсылманның арасын қалайда бүзу, болмашы мүмкіндікті пайдаланып
араздастыру еді... Қырғын болған күннің ертесіне мужаһидтер айналаны
әбден барлап көз жеткізу әрі тынығу мақсатымен Мурайси маңынан айырыла
қоймаған.
Күтпеген жерден: "Уа, әнсарлар, көмекке келіңдер",- деген дауысқа
бәрі елең ете қалады. Артынша "Уа, муһажирлер қайдасыңдар?"- дегенді
естиді. Сөйтсе, Хазраж тайпасынан Синан ибн Уәбар мен Хазіреті Омардың
Ғифар руынан жалдап алған атсейісі Шахжах құдық басында шелектердің
ауысып кетуіне байланысты шекісіп қалған екен. Екеуінің ерегісін естіп
әнсарлар мен муһажирлер сол жерге жиналып қалады. Енді болмаса
ұрсысып,
мұсылмандар
бір-бірімен
қырқыспақшы.
Дәл
уақытында
Пайғамбарымыз келді де:
"Надандық жайлаған кезеңдегідей түкке алғысыз нәрсеге бола
ерегіскендерің не? Ескі әдетті ұстанғандар өзін-өзі тозаққа тастайды",- деді.
Достарыңызбен бөлісу: