313
сәжде нәпіл намаздардағыдай.
Бұл намаздарда азан, қамат оқылмайды. Тек
хусуф намазын оқитын кезде "Намазға жиналыңдар" (Әссалату жами'атун)
деп шақырады.- Д.Ө.И.)
Расулуллаһ бір хұтбасында:
"Күн мен ай біреудің өлімі не дүниеге келуі себепті тұтылмайтыны
шүбәсіз. Олар Аллаһтың құдыретін, ұлылығын көрсететін екі белгі.
Сіздер
күн мен айдың тұтылғанын көргенде намазға тұрыңыздар!" - деген.
Жахилия кезеңінің адамдары күн, ай үлкен бір адамның құрметіне
тұтылады деп сенген. Пайғамбарымыз осы соқыр сенімді жойып, күн мен
айдың тұтылуы Аллаһқа ерекше ғибадат қылудың уақыты екенін ескерткен.
Ондай сәтте адамдар бос нәрсемен шұғылданбай, арнайы ғибадат етуі қажет.
Ғибадат пен дұғаның себебі және нәтижесі - Аллаһтың
әмірі мен
ризашылығы, ал пайдасы ақыреттен күтілуге тиіс. Егер намаз бен ғибадаттан
осы дүниеде пайда көзделсе, жалған дүниелік мақсатқа қол жеткізу үшін
жасалса, ондай намаздың өзі күмәнді. Сондықтан күн мен ай тұтылғанда да
солар тезірек ашылсын деген ниетпен намаз оқылмайды. Күн
мен айдың
тұтылуын сондай ғибадат жасаудың уақыты жетті деп біліп, Аллаһтың
ризалығы үшін намаз қылынуы керек.