325
Әбу Жәндал туған әкесінен көрген қорлығына шыдай алмай
Мейірімділік Сұлтанына (с.а.у.) "Мені құтқар" деп жалбарынған кейіпте
жәутеңдей қарады.
Өкініштісі сол, сәл бұрын жасалған келісімшарт бұл байғұсқа
көмектесуге қайшы. Сухайл да соны меңзеп:
"Міне, бейбіт келісім-шарт бойынша маған
кері қайтаратын алғашқы
адам осы!" - деді.
Пайғамбарымыз: "Бейбіт келісімге әлі қол қойылған жоқ қой", - деді.
Бұл жауапты естігенде Сухайлдың жүзі қуарып:
"Олай болса, мен сенімен келісім жасауға мүлде қарсымын", - деді.
Пайғамбарымыз: "Бір жолға осы адамыңды маған бер, сонан соң
келісімге қол қояйық", - деді.
Сухайл: "Жо-жоқ, о не дегеніңіз, келісімде айтылды - бітті,
саған бере
алмаймын", - деді.
Аллаһ Елшісі тағы да қайталады: "Жоқ! Бір жолға өтінішімді орында".
Сухайл бет бақтырмады: "Бұл өтінішіңді кеудемде жаным барда
қабылдамаймын".
Аллаһ елшісі Мұхаммед (с.а.у.) екі оттың ортасында қалғандай күй
кешті. Әбу Жәндалды көрер көзге азапқа итеру де оңай емес. Олай етпеген
күнде құрайыштармен арадағы келісім бұзылады. Бейбіт келісімнің
болашақтағы берерін түйсінгендіктен шарасыз қалған Пайғамбар (с.а.у.) Әбу
Жәндалды әкесіне қайтаруға мәжбүр болды.
Әбу Жәндал ышқына: "Уа, Расулаллаһ! Мұсылман бауырлар! Сендер
мені қорлыққа қалайша қидыңдар? Менің азапталуыма
риза болғандарың
ба?" - деп жанұшыра айқайлағанда муһажирлер іштей егілді.
Жазмышқа амал бар ма, Әбу Жәндал сөйтіп жауыз әкенің қолында қала
берді. Расулулаһ оны алып қала алмаған соң мұсылмандар да үнсіз көнген.
Пайғамбар рұқсат етпеген болса азап шеккен бауырларына көмектесу үшін
жанын аямас еді олар.
Пайғамбарымыз Әбу Жәндалға: "Біраз сабыр сақта! Азапқа кеуденді
кер, шыда. Ақырының қайырын Аллаһтан тіле!...
Аллаһ сенің және қасыңдағы панасыз мұсылмандардың жолын міндетті
түрде ашады.
Шарасыздықтан, берген серттен таймау үшін осыған мәжбүрміз", - деп
жұбатты.
Әбу Жәндалды мүшріктерге қайтарған сәтте мұсылмандардың қай-
қайсысы да қатты қапаланады. Хазіреті Омар Пайғамбарымызға қарап:
"Уа, Расулаллаһ! Оны құрайыштардың қолына қайтып бергеніміз
қалай? Дінімізді қорлау емес пе бұл?" - деп төте сауал қойды.
Аллаһ Расулы:
"Біз бұл іс турасында келісім жасағанбыз. Дініміз уәде бұзушылыққа
қарсы", - деп жауап берді.
Хазіреті Омар мұнан соң Әбу Жәндалға жақын барып:
326
"Уа, Әбу Жәндал! Мүшріктердің қанын ағызу иттің қанын жүктегенмен
бірдей екені күмәнсіз. Аллаһ жолында адам әкесін де өлтіреді. Өз қолыңмен
өлтір әкеңді", - деп қылышын ұсынды.
Әбу Жәндал: "Сен неге өлтірмейсің?" - деп оған қарсы сұрақ қойды.
Хазіреті Омар: "Расулаллаһ оны және
басқаларын өлтіруге тыйым
салды", - дегенде Әбу Жәндал: "Мен де Расулаллаһқа мойынсұнуда сенен
қалысқым келмейді", - деп жауап берді.
Достарыңызбен бөлісу: