320
"Ол бейбіт келісім жөнінде ұсыныс жасады. Сол ұсынысты
қабылдайық", - деп сөзін бітірді.
Уруәның бұл ұсынысын құрайыштар қабылдамақ тұрмақ, оны
келемеждеп, мазақтады. Олардың тыныштық бермейтінін сезген Уруә
Тайфқа жол тартады.
Екі жақ бір-біріне елші жіберіп, өз көзқарастарын білдіріп жатты.
Пайғамбарымыздың Меккеге келудегі мақсаты айқын, соны жеткізу үшін
хузаалық Хираш ибн Үмаййаны елшілікке лайық көрді.
Хираш - Аллаһ Елшісінің (с.а.у.) құрайыш мүшріктеріне жіберген
тұңғыш елшісі.
Хираш ибн Үмәййа Хазіреті Расулаллаһтың мақсатын қанша
түсіндіргенімен мүшріктер оған құлақ асқан жоқ. Мазақ етіп қана қоймай,
астындағы түйесін тартып алып, бауыздап, ақыр соңында өзін де өлтірмек
болады. Араға ахабиштер түсіп Хираш аман қалады. Пайғамбардың қасына
келгенде ол басынан өткергендерін егжей-тегжейлі баяндап береді.
Алайда елшісін өлтірмек болса да, Пайғамбарымыз істің ақырын
сабырмен жақсыға жорыды. Құрайыштардан жаңа ұсыныстар күтті. Өйткені
оның мақсаты қан төгу емес еді.
Достарыңызбен бөлісу: