328
Пайғамбарымыз сыртқа шығып, ешкімге
ештеңе айтпастан аяңдаған
күйі құрбандық түйесін ұстап, бауыздады. Онан соң шаштараз хузаалық
Хыраш ибн Үмаййаны шақырып шашын кестіріп, сақал мұртын бастырды.
Мұны көріп сахабалар да түйелерін сойып, шаштаразға жүгірді.
"Құрбан шалуға асыққандары сондай, бірін-бірі басып кете жаздады",
- деп
кейіннен еске алған Үммү Сәлама.
Осы оқиға барысынан Үммү Сәлама анамыздың даналығына куә
боламыз. Деректерде "Үммү Сәламаның Худайбиядағыдай ақылды тоқтамын
Ислам тарихында бірде-бір әйел көрсете алмаған" делінеді.
Худайбиядан аттану
Жиырма күндей Худайбияда болған Пайғамбарымыз Мәдинаға қайтуға
жиналды.
Асхабы Меккенің түбіне келіп тұрып Қағбаны көре алмағандарына
өкінді.
Сол
мезетте пайғамбарға уахи келіп, жуық арада үлкен жеңіске қол
жеткізетіндіктерінен хабардар етті. Кезекті уахи-Фәтх сүресі еді.
"(Уа, Расулым! Меккені және басқа да мемлекеттерді қол астыңа
қаратуға себеп болатын Худайбиядағы бейбіт келісім арқылы)
Біз сені шын
мәніндегі ашық, айқын жеңіске жеткіздік!..." (1 аят)
Мұнан соңғы аяттарда Хақ Тағала барша болмыстың сәруары Хазіреті
Мұхаммедтің (с.а.у.) мұсылмандармен бірге жақында Қағбаны тауап ететінін
сөз қылады. Расулаллаһтың көрген түсі сөйтіп шындыққа айналады. Бұл
жайлы Фәтх сүресінің 27-аятында былай делінеді:
"Расында, Аллаһ пайғамбардың түсін шындыққа тура шығарды. Аллаһ
қаласа, аман-есен, әлбетте, Харам мешітіне
шаштарыңды алдырып не
қысқартып еш қорқусыз бейбіт кіресіңдер. Аллаһ сендердің білмеген
нәрселеріңді білген еді. Сондықтан (Меккені алудан бұрын) бұдан өзге бір
жақын жеңісті нәсіп етті".
Достарыңызбен бөлісу: