52
басын сүйеп отырған алты жасар Мұхаммедтің сондағы егіліп жылағанын
көрсеңіз.
Айнала сүттей ұйыған тыныштық. Қанша уақыт өткенін кім білсін,
Әмина көзін ашты. Сол сәтті зарыға күткендей ұлы:
"Қалайсың, анашым?" - деді.
Ауруы жанына батса да сездіргісі келмеген ана:
"Жақсымын, ботам, жақсымын", - деді ернін әзер қимылдатып.
Сөйтті де, тағы да ес-түссіз қалды. Біраздан соң "су-у-у"
деді сұлық
жатқан күйі.
Бала орнынан атып тұрып анасының сұрағанын жеткізді. Хазіреті
Әмина бір-екі ұрттады, сүйікті ұлына мейірлене қарап ұзақ жатты, қолынан
сипады. Ішіндегі аласапыран сезімді білдірмеуге тырысты. Күйеуінен
айрылып
бір жыласа, енді жалғызымен қалай қоштаспақ? Жо-жоқ!. . Өмір
мен өлім айқасып жатты. Не де болса жазмыштан озмыш жоқ, маңдайға
жазғанды көреді-дағы.
Бойын әбден дендеген аурудан айықпасын білген қымбатты ана соңғы
рет бар күшін жинап баласының қолынан емірене өпті де:
"Ей, азулы ажал оғынан Жаратқанның құдіретімен жүз түйе құрбан етіп
құтылған Абдуллаһтың ұлы!
Аллаһ алдыңнан жарылқасын. Егер түсімде көргенім рас болса, сен ұлы
Аллаһ Тағала тарапынан адамзат баласына адал мен арамның айырмасын
үйрететін
пайғамбар
боласың.
Сен
бабаң
Ибраһимнің
шын
мойынсұнабілушілік қабілетін паш етіп, соның дінін тәмамдайсың. Аллаһ
сені
әрдайым қолдап, пұттардан, пұтқа табынушылардың зорлық-
зомбылығынан аман сақтайды.
Өмірге келген әрбір мақұлық түбінде өледі, жаңа нәрсе ескірмей
тұрмайды. Бұл дүниеде бәрі фәни, өткінші. Мен де өлемін, бірақ атым мәңгі
жасайтын болады. Себебі, артымда пәк періште сынды ұрпағымды қалдырып
барам" - деп үздіге сөйледі де, мәңгілікке көз жұмды.
Бұл милади 576 жыл болатын.
Арадан ұзақ жылдар өткенде пайғамбарлар патшасы бір умра сапары
тұсында Әбуа ауылының үстінен өтеді. Сонда анасының қабіріне барып дұға
оқып, көзіне жас алады. Оның жас балаша жылағанын көрген сахабалар:
"Неге
мұнша мұңайдыңыз, уа, Расулаллаһ?" - деп сұрайды. Сонда
пайғамбарымыз тұрып:
"Аяулы анамның мәңгілік сапарға аттанардағы халі көзіме елестеп,
сондағы маған деген мейірімін дәл қазір сезінгендей болып тұрмын", - деп
жауап береді.
Достарыңызбен бөлісу: