Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


ҮНИЕНІҢ СҰЛТАНЫ - ХИРА ҮҢГІРІНДЕ



Pdf көрінісі
бет51/276
Дата17.02.2023
өлшемі2,95 Mb.
#169146
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   276
Байланысты:
Адамзаттың Асыл Тәжі

ҮНИЕНІҢ СҰЛТАНЫ - ХИРА ҮҢГІРІНДЕ
Біздің эрамыздың 610- жылы... 
Мұхаммед (с.а.у.) қырық жаста... 
Ұзақ жылдардан бергі қалыптасқан әдеті бойынша жыл сайын қасиетті 
рамазан айын Хира тауында ғибадат жасап, Жаратқанға жалбарынып тілек 
тілеумен өткізетін. Бұл жерде қашан келсе де құлаққа ұрған танадай 
тыныштық. Жаратылыс сырларын жалғыз қалып ойлануға таптырмас орын. 
Әсіресе, тұрмыстың күйбеңінен, шексіз надандықтың салмағынан арылып
рухани сергуге өте оңтайлы. 
Ардақты Пайғамбарымыз Хира тауының көзден таса бір үңгірін 
паналап, ол жерде үлкен аталары Хазіреті Ибраһимнің (а.с.) ханиф дініне 
сүйеніп, ғибадат жасайтын. 
Баянды ғұмырының қырқыншы жылындағы рамазанын да осылай Хира 
тауында өткеруге дайындалды. Зайыбы Хазіреті Мұхаммедтің әдетіне қанық 
болғандықтан азық-түлігін алдын-ала дайындап қойған. Пайғамбарымыз 
тағам салынған дорбаны алған күйі жолға шықты. 
Бүкіл әлем, айнала қоршаған табиғат Оның басқан әрбір қадамын 
қошеметтеп, құрметтеп тұрғандай... Тырс еткен дыбыс жоқ, айнала тым-
тырыс. Бұл тыныштықтың өзі мәнсіз емес-ті, астарында ғибрат, хикмет бар-
тын. 
Пайғамбарымыз да үнсіз аяңдап келеді, құдды табиғатпен ерекше бір 
үйлесім тапқандай... Бүкіл болмыс Оған өз тілінде: 
"Мені ең жақсы түсінетін де, түсіндіретін де - Сенсің. Ғибратқа, 
даналыққа толы екендігімді адамзат баласына түсінікті тілмен ұғындыратын 
да - Сенсің. Ұлы Раббымның бір әмірінен пайда болған алып дүниенің кітабы 
екендігімді айтып, оны оқытатын, оқыттыратын да - Сенсің. Сондықтан, мен 
саған борыштармын. Сол үшін мен саған басымды иемін, кез келгенге нәсіп 
болмайтын ұлы құрметке лайық Сен ғана..." - деп сыбырлап тұрғандай. 
Болмыстың Сұлтаны - Хазіреті Мұхаммед табиғатқа үстемдік құрған 
тыныштықпен үндескен күйі көздеген орнына келіп жайғасты. Хира тауының 
төбесіндегі үйреншікті үңгір Оған "Қош келдің, қадамыңа гүл бітсін!" 
дегендей қарсы алды. 
Мұхаммед (с.а.у.) ой теңізіне сүңгіп, асқан ықыласпен Жаратушыға 
құлшылық міндетін орындауға кірісті. 
Аллаһтың сүйікті құлы рамазан айының он алты күнін тәмамдаған. 
Он жетінші түн, жексенбіден дүйсенбіге қараған түн. 


80
Нұр тауы - Хира әдеттегідей тым-тырыс, құдды терең толғанысқа 
берілгендей... 
Табиғат та үнсіз, қыбырлаған сыбыс жоқ. Біраздан кейін жүзеге асатын 
қадірлі лебізді тыңдауға қазірден әзірленіп, ұйып қалған... 
Мұншалықты құрмет Ұлы сөйлеуші мен Сүйікті тыңдаушысына деген 
сүйіспеншіліктен болса керек?.. 
Түн ортасы ауып, сәре уақыты жақындаған. Таң рауандап атуға жақын, 
бұлбұлдар құйқылжыта сайрап, гүл-бәйшешек хош иісін бұрқыратып
Аллаһты зікір етуші жаратылыс атаулының бәрі өз тілдерінде ынта-
ықыласымен Жаратушыны мадақтауға кіріскен шағы! 
Уахи әкелуші періште Жебірейіл сұлу жігіт кейпінде келді. Бар айнала 
хош иістен басы айналғандай сезімде. Қауіп пен үрей, толғаныс пен үміт 
билеген түсініксіз халде еді дүние. 
Жебірейілдің көңілі көтеріңкі, қуанышы жүзінен білінеді. Әрине, солай 
болуға тиіс те еді, өйткені ол Аллаһтың соңғы елшісі - пайғамбарлар 
сұлтанымен 
сөйлесуге, 
иманы 
мен 
есепсіз 
ғибадаты 
арқылы 
хабибуллаһ
(Аллаһтың сүйіктісі)
сипатына ие болатын екі дүниенің сардары - 
Мұхаммедпен (с.а.у.) жүзбе жүз кездесуге келген-ді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   276




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет