93
"Жарайды" - деді Умаййа, артынша "Әлгі айтқан құлыңды әйелімен
қоса бересің онда".
Хазіреті Әбу Бәкір "Мақұл" - деп келіскендігін білдірді.
Сол-ақ екен Умаййа жымысқыланып күлді де:
"Құлыңның әйелімен қоса қызын да бермесең болмайды", - деді.
Хазіреті Әбу Бәкір бұған да бас изеді.
Бірақ жексұрын Умаййа мұнымен де тынбай, мазақ қылғандай:
"Үшеуіне екі жүз динар қосып бермесең келіспеймін", - деп
қиқарланды.
Бұл жолы Хазіреті Әбу Бәкірді ашу қысты:
"Неткен ұятсыз едің, беретін түрің де жоқ, кімді ақымақ етіп тұрсың",-
деп төніп келді.
Умаййа қорқып кетіп:
«Жо-жоқ, Лат пен Уззаның атымен ант етемін, осы сұрағандарымды
берсең, Біләл сенікі», - деп кері шегіншектеді.
Хазіреті Әбу Бәкір айтқандарын беріп, Хазіреті Біләлді залымның
қолынан құтқарды. Құтқарып қана қоймай, оған бас еркіндігін берді. Көп
ұзамай Біләлдің анасы Хамаманы да сатып алып, күңдіктен азат етті.
Хазіреті Біләл Хабаши - пайғамбарымызға шын берілген, біртуар
азамат, мұсылман қауымның алғашқы азаншысы. Оның пайғамбарлар
сәруары - Хазіреті Мұхаммедке деген сүйіспеншілігін айтуға тіл жетпес. Бір
сәтке де қасынан ажырамайтын.
Екі дүниенің сұлтаны Мұхаммед (с.а.у.) ақыретке аттанғанда,
қайғырып Мәдинада қала алмай, Шамға кетіп қалған. Сол тұстағы халифа
Хазіреті Әбу Бәкір Біләлдің алысқа кеткенін қаламай, қанша жібермеуге
тырысса да Хазіреті Біләл:
«Уа, Әбу Бәкір, рас сен мені құлдықтан құтқардың. Егер мені өзің үшін
азат еткен болсаң, онда алып қал. Ал егер Аллаһтың ырзалығын көздеп,
сатып алған болсаң, еркіме жібер, Аллаһтың жолында жиһадқа
(Аллаһтың жолындағы
соғыс)
қатысайын», - деді.
Хазіреті Әбу Бәкір рұқсат берген соң Хазіреті Біләл Хабаши Шамға
барып, Ислам туын көкке көтеріп, бірнеше соғысқа қатысқан.
Достарыңызбен бөлісу: