97
Сабау да, дүре де иман нұрын көңіл түкпіріне ұялатқан Хазіреті
Халидтің пікірін өзгерте алмады. Иманын қорғау жолындағы жәбір-жапа ол
үшін түкке тұрғысыз еді.
Баласына сөзін өткізе алмасына көзі жеткен мейірімсіз әке, оны
қорқытып:
"Бар, онда, сені жоққа санаймын, ырзық-несібеден дәметпе. Тамақ та,
киім де бермеймін. Қайда барсаң, онда бар!" - деп айқайлады.
Сабыр мен салауаттың қайнары - иманды жүрегіне мықтап
орнықтырған Хазіреті Халид бұл жолы да түк саспастан:
"Әке, менің ішіп-жемімді бермесең бермей-ақ қой. Ырзық, несібемді
Аллаһ бір жерден болмаса, екінші жерден шығаратынына кәміл сенемін" -
деп жауап берді.
Әкесі ұлын бірнеше күн бойы ас-сусыз қапасқа қамайды. Анасы мен
бауырларына:
"Егер кімде-кім Халидпен сөйлесетін болса, ажалы менен деп білсін" -
деп қорқытып, жолатпай қояды.
Ара-тұра қапастың сыртынан сығалап, ащы мысқылмен:
"Қалай, несібеңді алып жатырсың ба?" - деп Халидті түйреумен болды.
Тар қапастан амалын тауып құтылған Хазіреті Халид екінші Хабашстан
хижретіне дейін әкесінің көзіне түспей, бой тасалайды.
Кейінірек Хабашстанға көшкен екінші топқа әйелімен екеуі қосылады.
Халидтің жәһилия дәуірінің көркем жазу шеберлерінің бірі екендігін
атап өтпеске болмайды. Деректерге жүгінсек, Пайғамбарымыздың Йемен
билеушісіне жолдаған атақты сенімхатының мәтінін, тағы басқа маңызды
келісімдерді Хазіреті Халид дайындап жазған.
Достарыңызбен бөлісу: