156
"Бауырым! Мен өлген соң жұрттың мені алжып, не айтқанын білмеді
деп кінәламайтындықтарына көзім жетсе, өтінішіңді ойланбастан орындаған
болар едім. Құрайыш ажалдан қорқып иманын айтты деп артымнан сөз
қылатынын білгендіктен айтпаймын."
Мұхаммед (с.а.у.) сонда да үмітін үзбей Әбу Тәліпті Исламға
шақыруын қоймады. Науқастың қасына жиі-жиі келетін Әбу Жәһил мен
Абдуллаһ ибн Әби Умаййа да Хазіреті Мұхаммедтің (с.а.у.) тілегін естіген
сайын тыжырынып:
"Онсыз да қиналып жатқан адамның мазасын алмасаңшы, бізбен
арпалысқаның аздай", - деп жақтырмайтын.
Жанындай сүйетін көкесінің ақыретте жауыз мүшріктермен бірдей
мүшкіл халде қалуын қаламағандықтан Мұхаммед (с.а.у.) оны тәухидке
шақыруын доғармады. Бірақ өкініштісі, Әбу Тәліп тілден қалғанша "мен
аталарымның дінінен шықпаймын" деп жатты.
Ақыры сексен жеті жасқа қараған шағында қайтпас сапарға аттанды...
Осы оқиғаға байланысты Аллаһтан елшісіне аян келіп, онда былай
делінеді:
Достарыңызбен бөлісу: