"Ақиқатында сен жақсы көрген кісіңді тура жолға сала алмайсың,
бірақ Аллаһ қалағанын тура жолға түсіреді. Кімнің хақ жолды
қалайтынын нақты білетін де сол"
(Қасас сүресі, 56-аят).
Көкесінің өліміне ардақты Пайғамбарымыздың мүбәрак жүрегі қан
жылап, қайғы жұтты. Көзінен моншақтап аққан жас сақалын жуды. Соңғы
сапарға аттандырарда:
"Аллаһ саған рақым қылсын. Алдың жарық болсын" - деп күбірлеп
тұрды.
Әбу Тәліптің жүрегі тоқтаған сәтте Хазіреті Аббас та басы-қасында
болған. Көзі жұмылып бара жатып Әбу Тәліптің "Лә иләһа иллаллаһ" дегенін
естігенін айтқанда Хазіреті Мұхаммед:
"Мен өз құлағыммен естіген жоқпын", - деп жауап береді.
Көкесінің табытын алып кеткеннен кейін де артынан ұзақ қарап тұрып:
"Аллаһтың рақымы түссін, күнәларыңды кешірсін", - деп дұға етті.
Іле-шала төмендегі аяттар уахи болды:
Достарыңызбен бөлісу: |