Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


ИМАН - БАУЫРЛАСТЫҚ БАСТАУЫ



Pdf көрінісі
бет178/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі
ПрактикумКаз, Zadaniya s rech kMod1(18.02.13), 6035344306a28 3, альдегидтер мен кетондар, орг.хим. жктелу, 0005c324-0423cfa3, Сапарова Гулшат 308А кунделик 1 кун, Философия конспектілер, Филос 1 Тақырып, 4,5,6,7, Аманқос Г. Арал теңізі, КТЖ АКТ 1 сынып, ТЖБ талдауы ІІ тоқсан, 1 А,Ә, Е кл. 05.05.Русский язык
ИМАН - БАУЫРЛАСТЫҚ БАСТАУЫ

 

Бауырластық  қан  жақындығымен  ғана  айқындалмайды.  Діндестер  де 



өзара бауыр саналады. Бауырластық жүгі қашанда ауыр. Адамзат тарихында 

бауырластықтың, ағайындықтың көрінісі деп ауыз толтырып айтар мысал өте 

көп.  Дегенмен,  әнсар-муһажир  мұсылмандар  арасындағы  бауырластық 

үлгісін осы көп мысалдың ең ерекшесі  деп бөле жарсақ, талас  тумаса керек. 

Аллаһ  ырзалығы  үшін  туған  жерін,  үй-жайын,  мал-мүлкін  тастап,  туған-

туыспен  араздасып  ел  асып  келген  «муһажир»  мұсылмандар  мәдиналық 

әнсар  бауырларынан  жылы  лебіз  естіп,  барынша  қолдау  көреді.  Білмеген 

жердің  ой-шұқырын  ә  дегенде  меңгеріп  кетулеріне  қолайлы  жағдай 

туғызады.  Жаңа  жерді  жатсынбай,  үйренісіп  кетулері  үшін  құрақ  ұшып, 

бәйек  болған  жергілікті  мұсылмандар  Ислам  тарихында  «әнсарлар»,  яки 

жәрдем берушілер аталады. 

Мәдинаға  хижрет  еткеннен  соң  арадан  бес  ай  өткенде  парасаттың 

падишасы  -  пайғамбарымыз  әнсарлар  мен  муһажир  мұсылмандардың  басын 

қосты.  Сол  алқалы  жиында  қырық  бес  әнсар  мен  қырық  бес  муһажирді, 

барлығы  тоқсан  мұсылманды  бір-біріне  бауыр  етіп  жариялады.  Хазіреті 

Мұхаммедтің  бастамасы  болған  бұл  істің  астары  материалдық  және 

моральдық  тұрғыдан  бірігу,  бір-біріне  мұрагер  болу  принциптеріне  сүйеніп, 

муһажирлердің  туған  елге  деген  сағынышын  аздап  та  болса  басуға,  жаңа 

жерге үйренісуге, достық, туыстық сезімнің күшеюіне негіз болады. 

Бауырластық  бірліктің  дәстүрі  бойынша,  мәдиналық  әрбір  мұсылман   

отбасы  меккелік  мұсылман  жанұясының  біреуін  үйлеріне  кіргізіп,  мал-

мүлкін,  үй-жайын  бөлісуге  тиіс.  Бірге  еңбектеніп,  табысты  өзара  бөлісуге 

келісті.  Пайғамбар  парасаты  бұл  жолы  да  діттеген  мақсатқа  дөп  тиді.  Екі 

мұсылманды  бауыр  деп  жарияламас  бұрын  Аллаһ  Расулы  әрбіреуінің 

жағдайын,  жеке  бас  ерекшелігін,  отбасылық  ахуалын  жан-жақты  зерттеп, 

үйлесім  тапқандарды  жарастырды.  Мысалы,  Салман  Фариси  мен  Әбуд-

Дәрда,  Аммар  мен  Хузайфа,  Мусаб  пен  Әбу  Әюб  әл-Әнсари  талғамдары, 

өмірге  көзқарастары  сәйкестігінен  бауыр  деп  танылғандардың  бірнешеуі 

ғана. Аллаһ ырзалығы мен Оның пайғамбарына деген сүйіспеншілікпен ғана 

қаруланған,  жиғантергенін  тастап,  иманын  сақтау  жолында  атамекенінен 




 

205


қуылған муһажирлердің ішіп-жемі, жатын орны мәселесі осылайша шешімін 

тапты. Әнсарлар муһажир бауырларына төрінен орын беріп, жылы-жұмсағын 

алдарына  тосты.  Иман  бірлігі,  діндес  ағайынгершіліктің  жарқын  өнегесі  еді 

бұл.  Отанынан  алыста,  қамкөңіл  мұсылмандар  үшін  мұнан  артық  сый 

болмаса  керек-ті.  Мәдиналық  әнсар  о  дүниелік  болған  жағдайда  муһажир 

бауыры  өзге  туыстары  қатарында  мирасқоры  саналды.  Осы  бауырластықты 

жария  ету  арқылы  муһажир  мұсылмандар  қиыншылықтан  құтылды. 

Мәдиналық  әр  мұсылман  меккелік  бауырына  дүние-мүліктің  тең  жартысын 

бөліп  беріп  меймандостықтың,  жомарттықтың,  адамгершіліктің  шоқтығына 

көтерілді. 

Мәдиналықтар  мұнымен  де  қарап  қалмай,  Хазіреті  Мұхаммедтің 

рұқсатымен құрмалық алқаптарын да бөліспекші болды. Алайда муһажирлер 

бұған дейін бақша өсіру, егістік істеріне араласпағандықтан, Пайғамбарымыз 

әнсардың бұл ұсынысын құптамайды. 

Мәдиналық мұсылмандар болмай жүріп, муһажирлерге жерді тырмалау 

және бақша суаруды жүктеп, ақыры жиналған өнімді бауырларымен бөлісуге 

көндірді. Пайғамбарлар Сәруары бұл ұсынысқа разылығын білдіріп, келіседі. 

Адамзат  тарихы  небір  көштерге  куә.  Бірақ  осыншалық  мәнді,  көшіп 

келгендер  мен  жергілікті  тұрғындар  арасындағы  шынайы  көңілден  шыққан 

сүйіспеншілікке негізделген қауышу тарихта бұрын соңды болмаған. Себебі, 

бұл  көш  қасиетті  иманды  қабылдау,  тарату  және  шын  көңілден  ақыреттік 

сыйды  мақсат  еткен.  Осынау  қасиетті  қауышу  иман  қуатын  арттырып,  көп 

ұзамай мұсылмандар бүкіл Арабстанға өздерін мойындатады. 

Муһажирлер  бастарына  қонған  баққа  масайрамай,  шүкірлік  етті.  Үй-

жайлары,  азық-түлігі  жеткілікті  бола  тұра  еңбектенудің,  тер  төгудің  амалын 

қарастырды.  Имандылықтың  негізі  де  сол,  әркім  өз  әлінше  әрекет  жасап, 

тірлікке  араласты.  Олар  мәдиналық  бауырларына  салмақ  болмаудың  жайын 

ойластырып,  тірліктің  көзін  іздегендерін  пайғамбар  хадистерін  жаттап, 

кейінгілерге  жеткізуімен  әйгіленген  Әбу  Хурайраның  төмендегі  жауабы 

аңғартады: 

"Мәдиналық  мұсылмандар  бақшасын  баптап,  муһажирлер  сауданы 

қыздырып  қал-қадарынша  тер  төкті,  мен  Расулаллаһтың  қасынан  бір  елі 

шықпайтынмын.  Оның  айтқандарын  тыңдап,  сөзбе-сөз  жаттап  жүріп, 

пайғамбардың ақ батасын алдым." 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   380




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет