терісін ажыратқанда, кеудесін қақ ортасынан арамен кескенде сабыр сақтап
200
төнеді. Ислами қажеттіліктерді өтеу мақсатымен Хазіреті Мұхаммед көзден
таса, оңтайлы орын іздеуге мәжбүр болады. Ақыры Әркам ибн Әбил
Әркамның үйі ғибадатханаға лайық деп табылады.
Әбден азғындаған мүшріктер енді Хазіреті Мұхаммедке деген
іштерінде қайнаған ызаны пайғамбардың көкесі Әбу Тәліпке жеткізеді.
Шарасы түгесілгендей болған Әбу Тәліп бауырына мүшріктердің тілегін
жеткізеді. Сонда Аллаһ Расулы:
"Уа, көке, егер осы істен бас тартуым үшін оң қолыма - күнді, сол
қолыма - айды ұстатса да, мен алған бетімнен қайтпаймын!
Не Аллаһ осы дінді бүкіл жер жүзінде үстем қылар, не болмаса мен осы
жолда басымды өлімге тігермін", - деп жауап береді.
Мүшіріктер айла-шарғымен Аллаһтың нәбиін қорқытудың мүмкін
еместігін аңдайды.
Мал-мүлік пен мол байлық та пайғамбарды алған бетінен қайтара
алмайды.
"Шыдамның да шегі бар" демекші, мүшріктер әңгір таяқ ойнатқаны
соншалық, мұсылмандар Хазіреті Мұхаммедке шағым айта келуге, тұйықтан
шығар жол іздеуге мәжбүр болады. Осыған байланысты пайғамбарымыз
оларға Хабашстанға көшуге рұқсат береді. Мұсылмандар екі топ болып
жыраққа ауа көшеді.
Аллаһ Расулы әрдайым сан мен сапаның қатысына аса мән берген.
Аллаһтан "Бұл дінді Омар ибн Хаттаб немесе Амр ибн Хишам арқылы
күшейте гөр" деп сұрауы да содан.
Аталған екеуі Исламның қас жауы, мықты дұшпаны еді. Екеуінен
біреуінің иманға келуі Исламның қуатын арттыра түсері даусыз болатын.
Аллаһ сүйікті құлының дұғасын қабыл етіп, Омар мұсылман болған соң
муминдердің қаупі сейілгендей болады.
Әбу Тәліптің өлімінен соң мүшіріктер Хазіреті Мұхаммедті қорғансыз
біліп дұшпандықтарын арттыра түседі. Пайғамбарымыз сенімді пана іздеп
Тайфқа барады. Бірақ амал нешік, ондағылар Оны қорғамақ тұрмақ, дүрелеп
қуып шығады. Сонша жаны ауырған сәтте де екі дүниенің нұры Хазіреті
Мұхаммед өзін азаптағандарға арнап "Аллаһым! Осылардың ұрпақтары
арасынан дінге адал қызмет ететін нәсіл шығар" деп дұға етеді.
"Таспен ұрғанды аспен ұрдың" нақты мысалы осы емес пе?!
Меккеге шет жерден келгендермен құпия болса да кездесіп, оларға
иман ақиқатын түсіндіруі пайғамбардың атамекенінен жырақтағы көңілдерді
жаулауына себеп болады. Мүшріктер қанша кедергі болуға тырысса да, иман
шұғыласы Меккеден асып Мәдинаға дейін жетеді.
Хижрет арқылы мұсылмандар жаңа кезеңнің табалдырығын аттағандай
еді...