Дамира Өмірзаққызы Ибрагим


Пайғамбарымыз Әбу Әюб Әл-Әнсаридің қонағы



Pdf көрінісі
бет172/380
Дата31.01.2022
өлшемі2,95 Mb.
#130268
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   380
Байланысты:
Адамзаттың асыл тәжі

Пайғамбарымыз Әбу Әюб Әл-Әнсаридің қонағы 

Пайғамбарымыз  қаумалаған  көпшілікке  қарап:  "Қайсыларыңыздың 

үйіңіз осы жерге жақын?" - деп сұрады. 

Нәжжар ұлдарынан Әбу Әюб әл-Әнсари ортаға шықты: "Уа, Аллаһтың 

Елшісі!  Менің  үйім  тап  іргеде.  Міне,  есігіміз  ашық.  Рұқсат  болса,  түйенің 

жүгін үйге тасиық", - деді. 

Мұхаммед (с.а.у.) келіскендігін білдірді. 

Мәдиналық  мұсылман  Әсад  ибн  Зурара  пайғамбардың  түйесін  тәбәрік 

деп алады. 

Әбу  Әюб  Әл-Әнсари  Хазіреті  Мұхаммед  пен  оның  айнымас  досы 

Хазіреті Әбу Бәкірге үйінің төрінен орын әзірледі. 

Қонақжай  сахаба  Әбу  Әюб  әл-Әнсари  былай  дейді:  "Расулаллаһ 

үйімнің төменгі қабатына орналасқанды мақұл көрді. Бірақ менің жаным жай 

таппады. Бірнеше рет барып Одан жоғары қабатта тұра алмайтындығымызды 

айтсам да, Аллаһ Расулы келіспеді. 




 

196


Бір күні терезе алдында тұрған шыны құмыра сынып, ішіндегі су жан-

жаққа  төгілді.  Төменгі  қабатқа-қымбатты  меймандарға  тамшылап  кете  ме 

деген оймен әйеліміз екеуміз жанұшыра жалғыз жамылғымызбен суды сүртіп 

алдық.  Осы  оқиғадан  соң  тіпті  тынышымыз  қашты.  Тұрсақ  та,  отырсақ  та 

астыңғы  қабаттағылардың  мазасын  алармыз  деп  аяқ  ұшымен  жүретін 

болдық.  Аса  құрметті  қонақтың  жайғасқан  орнына  көңілім  разы  болмай, 

ақыры орын алмастыруға көндірдім". 

Ардақты  Пайғамбарымыз  жеті  ай  бойы  Хазіреті  Әбу  Аюб  Әл-

Әнсаридің үйінде тұрады.  Бұл  уақыт аралығында мәдиналық мұсылмандар - 

әнсарлар құтты қонақтарына кезектесіп тамақ әкелумен болады. 

Әбу Әюбтың отбасы кешкі асты арнайы өздері дайындайтын. Артылған 

тамақ болса, сарқыт деп сарқып ішетін. 

Бір  күні  кешкі  тамаққа  пияз  бен  сарымсақ  қосылған  дәм  ұсынылады. 

Пайғамбарымыз астан ауыз да тиместен кері қайтарды. 

Әбу Әюб мұның мәнісін түсіне алмаған бойы Пайғамбарымызға келіп: 

"Әке-шешемді  де  жолыңа  құрбан  етуге  әзірмін,  уа,  Аллаһтың  сүйген  құлы! 

Тағамды кері қайтаруыңның себебі неде?" - деп сұрайды. 

Расулаллаһ  (с.а.у.):  "Асқа  қосылған  көкөністің  иісі  жағымсыз 

болғандығы  үшін  жемедім.  Өйткені  жағымсыз  иіс    жан  жолдасым 

Жебірейілді менен ұзақтатады, яки адам хош көрмеген нәрсе періштелерге де 

ұнамайды", - деді. 

Әбу Әюб: "Сонда бұл тамақтың арам болғаны ма?" - деп сұрайды. 

Аллаһ  Расулы:  "Жо-жоқ!  Арам  емес,  тек  иісі  ұнамсыз",  -  деп  жауап 

береді. 


Бір күні Әбу Әюб әл-Әнсари пайғамбарымыз бен Хазіреті Әбу Бәкірге 

жетерлік тамақ әкеледі. Ас дастарханға қойылғанда Расулаллаһ: 

"Әнсар достарымыздан отыз адам шақыр", - деп Әбу Әюбқа бұйырады. 

Хазіреті Әбу Әюб Пайғамбардың айтқанын екі еткізбейді. 

"Тағы да алпыс адам келсін",- дейді Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.). 

Олар да келеді, жүз шақты кісі екі адамдық тамақ құйылған табаққа қол 

созады.  Таңғалыстарын  жасыра  алмаған  әнсарлар,  өздерінен  кейін  тағы  да 

жетпіс  адам  шақырылғанда  мүлдем  сасады.  Азғана  астың  бітер  түрі 

көрінбейді. 

Хазіреті Әбу Әюб әл-Әнсари: 

"Екі кісіге арналған мәзірден бір жүз сексен адам тойып жесе де, тағам 

таусылған жоқ", - деп баяндайды. 

Бұл,  әрине,  соңғы  пайғамбар  Мұхаммедтің  (с.а.у.)  муғжизалы  мәзірі 

еді. Бала шағынан берекенің бастауы болған Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) бүкіл 

әлемдегі  жанды  тіршілікке  ырзық  беруші,  несібені  жаратушы  -  Рәззақ 

Аллаһтың  сүйікті,  аса  құрметті  құлы  болғандықтан  Оған  ғайыптан,  жоқ 

жерден берекет жаудыратын. 

 

 



 

 



 

197




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   380




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет